Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Отан қорғауға дайынмын


9 апреля 2021, 09:06 | 1 060 просмотров



Әскери қызмет – мемлекеттің қызметтің ерекше түрі, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елінің, Отанының алдындағы міндетті парызы саналады.

Сол себепті, әрбір ер азамат өмірінде әскерге баратын кезең келеді. Отанын қорғау – Қазақстан Республикасының азаматы және отбасының тірегі ретіндегі әрбір ер адамның қасиетті борышы.

Елін қорғау жолындағы борышын өтеу мақсатында Алматы облысы Қарасай ауданының азаматы Қабыл Ерлан әскерге шақырту алып, құжаттарын жинауға кіріскен. Механик маманы алған жасөспірім, ендігі ретте Отан қорғаушы.

-  Әскерге шақыртуды көргенімде еш ойланбастан баруды ұйғардым. Жас кезімнен спортқа деген құлшынысым осы шешімге бірден-бір себепкер болды. Ендігі мақсатым әскери борышымды адал атқару. Мен Отан қорғауға дайынмын, – деді Қабыл Ерлан.

Айта кетсек, 2021 жылы Алматы облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінен сәуір айына дейін 400-ге жуық жас әскери міндеттерін өтеуге аттанды.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі