Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Инновациялық технологияны пайдалану – өмір талабы


9 апреля 2021, 09:59 | 1 830 просмотров



ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді.Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені-сау, ой-өрісі жоғары дамыған әлемдік деңгейдегі  жоғары білімі бар азаматтарды  тәрбиелеу – мемлекеттік ең маңызды стратегиясы. Әлемдік өркениетте өз орнын тауып, жаһандану  ағысына енген еліміздің алдында   міндеттер мен бұлтартпас бағыттар тұр. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Инновация деген не? «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда     (Innovation)    «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

- инновация туралы білімі;

- инновацияны жан-жақты меңгеру;

- инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;

- инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

-  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

-  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

-  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

Автор:
Жанар Шалимбетова, «№2 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пән мұғалімі, Талдықорған қаласы