12 апреля 2021, 09:54 | 1 111 просмотров
«А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО» КММ Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Амангельдиевна Осанованың басшылығымен бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Роза Телембаевна Саурукова жас мамандармен қалалық семинар өткізді.
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері
1.Еліміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді мақсат қою кезеңінде білім беру саласында реформа жүзеге асыруды қарқынды бастады. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. ... Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
2.Елімізде көптеген халықаралық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Соның бірі 2009, 2012 жылдардағы PISA зерттеуі нәтижелері бойынша қазақстандық оқушылар мәтінмен жұмыс істеуде өздерінің шетелдік құрбыларынан айтарлықтай артта келеді, оқу біліктілігі мен дағдыларының жеткіліксіз деңгейде қалыптасуын көрсетеді. Атап айтсақ:
Сол себепті бүгінгі таңда білім саласында өзекті болып отырған мәселе – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, оның ішінде, оқу сауаттылығын арттыру. «Оқу сауаттылығы – адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және пайдалану, ол туралы ойлану және мақсатқа жету, өз білімі мен мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік өмірге қатысуға қол жеткізу үшін оқумен айналасу қабілеті». Оқушының функционалдық сауаттылық дағдысын дұрыс қалыптастырсақ, оқушы мәтіннен ақпарат алуда жазу мен оқу дағдысын жеңіл қолданады, оны түсінеді, өзгертеді.
Оқушылар оқулықпен саналы жұмыс істеу үшін сабақ жоспарлау барысында оқушының алдында мәтінмен жұмысты зерттеуге айналдыратын оқу міндеттерін қою аса маңызды.
3.Оқушы не істей білуі керек
Түсіну дегеніміз – оқыған немесе естіген нәрседен өзіндік мән табу,тұжырымдау.
Атап айтсақ:
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН
(Тапсырмаларды слайдтан көрсетіп отырып түсіндіру)
Алғашқы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасын сабақта пайдаланып жүрміз.
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
4.«Сингвейн әдісі»
Дидактикалық мақсаты
1-жол:Тақырыптың атауы (зат есім).
2-жол:Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
5.«Зерде» мәтінмен жұмыс жасау әдісі
Дидактикалық мақсаты:
-оқушыларды кез келген мәтінді түсініп оқуға ;
- мәтінді талдауға;
- негізгі ойын анықтауға үйрету;
- салыстыру,рефлексия жасауға дағдыландыру
Адам алгаритмі
-Тақырып
-Автор
-Кітап
-Не туралы?
-Не білдім?
-Не қызық?
-Жаңа сөздер
«Венн» диаграммасы
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
6.«Блум түймедағы»
Сұрақ қойып үйрену әдісі
Дидактикалық мақсаты
Сұрақтар түрі |
Сұрақтар ерекшелігі, мысалдар |
Олар не үшін қажет? |
1.Қарапайым сұрақ |
«Не?..», «Қашан?..», «Қайда?..», «Қалай?..» сұраулы сөйлемдерден басталады |
Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін |
2.Нақтылайтын сұрақ |
«Яғни сен...деп айтып тұрсың ғой?», «Егер мен дұрыс түсінсем,...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер.....деп айттыңдар?» |
Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеліп тұрған мәліметті алу үшін |
3.Түсіндірмелі сұрақ |
«Неліктен?..» сұрауынан басталады |
Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін |
4.Шығармашылық сұрақ |
«Егер де...» шартты рай шылауының қатысуымен жасалады: «Егер де...не болады?», «Қалай ойлайсыңдар, егер де...қалай дамыр еді?» |
Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін |
5.Бағалаушы сұрақ |
«Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?», «Бір сабақтың екінші бір сабақтан айырмашылығы қандай?», «Бас кейіпкердің іс-әрекетіне қалай қарайсыңдар?» |
Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерилерін анықтау үшін |
6.Қолданбалы сұрақ |
«...қалай қолдануға болады?» «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде кездестірер едіңдер?» |
Теория мен практика арасында байланыс ортату үшін |
7.Мадақтау әдісі
«Аванс» – бұл алдын-ала болатынға мадақтау, яғни озыңқы түрі. Ол адамға өзіне деген сенімділігін ұялатады. Біздің сенімділігіміз мүмкіндікті шынайылыққа айналдырады. Жоққа мақтау айту – қашан да жалған айтумен парапар емес. Сіз баланың жақсы жақтарын белгілеп айтсаңыз, ол өзінің дәл сол жағымды жақтарын көрсетуге талпынатын болады.
Қорыта келе, қазіргі ақпараттық заманда білім беру жүйесі өскелең ұрпақты ақпаратты дұрыс қабылдауға үйретумен ғана шектелмей, оны іздеп тауып алу, іріктеу, нақты өмірлік жағдайда қолдана білу, оны талдап, бағалап, осы ақпаратты интерпретациялауға үйрету қажет. Ол үшін оқушының бойында білім мен ақпараттың түрлі дерек көздерімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру маңызды. Ақпарат көздерімен жұмыс ұйымдастыру барысында оқушының фактілер мен мәселелерге бірлесіп шешу дағдыларына көңіл бөлген жөн.
Біз ұсынып отырған мәтінмен жұмыс әдістері түрлі ақпаратты меңгерудің осы ерекшеліктерін жүзеге асыруға мүкіндік береді. Мұғалім сабақ мақсатына сәйкес бұл тәсілдерді әртүрлі қырынан қолданып отырса, мұғалім алға қойған мақсатына жете алады. Ал оқушылар кез-келген ақпаратпен жұмыс жасап үйренеді. Яғни, сапалы білімге қол жеткізе алады.