Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық тоғызқұмалақ ойыны


13 апреля 2021, 09:56 | 1 230 просмотров



Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы және Талдықорған қаласының  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Талдықорған қаласының орта мектептерінің арасында асық атудан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 23 орта мектептерінің 1-4 сынып оқушылары өзара бақ сынасты.

Мақсаты: Оқушылар арасында ұлттық асық ату ойынын кеңінен насихаттау арқылы балаларды ұлтжандылыққа тарбиелеу.

Жарыстың салтанатты ашылу кезінде мектебіміздің директоры

Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкарімқызы барлық жарысқа

қатысушыларға жеңіс тілеп, әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында қарастырылған жарыс кезіндегі барлық қауіпсіздікті ұстану туралы айтып өтті.

Жарыс соңында жүзден жүйрік мергендер анықталып жүлделі үшінші орында №6 орта мектебі, екінші жүлделі орынды №5 орта мектебі, жүлделі бірінші орынға № 11 орта мектебінің командасы ие болды. Мектебіміздің намысын қорғағап биіктен көрінген 3д сынып оқушысы Мергенбай Еркенұр мен  жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрлыбеков Асхат арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

Жарыстың әділ өтуіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қ. Мауленбаев, А.Батыршаев, Е.Оразғали және Ж.Амирханов карантинге байланысты барлық  қауіпсіздік шараларын қарастырып жоғары даңгейде өткізілді десе артық болмас. Осы жарысқа қатысушы балалар «Шынықсаң шымыр боласаң» дегендей балалардың бойында қалыптасқан  жарыс кезіндегі қуаныштарын ауызбен жеткізу қиын. Себебі балалар қашықтықтан бір жыл бойы үй жағдайында оқығандықтан балалар мектепке келіп спорттық ойындарды сағынғандығын байқалады.

Біздің ата - бабаларымыз  “Тәні саудың – жаны сау” - деп айтқандай шыныққан шымыр ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың атқаратын еңбегін ұмытпағанымыз дұрыс.

Автор:
Г.Тұнғышбаева, А.Ерқасым, «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері