Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы


14 апреля 2021, 08:34 | 1 269 просмотров



Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

Өтiнiштерді қарауда құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзгi принциптерi заңдылық, өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлығы, жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталу кепiлдiктерi, өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерге және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi, субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығы болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалар өтініштер берген жағдайда келесі талаптарды сақтау қажет: өтініштерін мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберу, тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, мекеменің атауын, мекен-жайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсету, қол қою не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру.

Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз иесіне тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Қазіргі таңда азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін дайындау жұмысы аяқталды.

Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:

- мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;

- мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;

- өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;

- мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады.

Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.

Қазіргі уақытта «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің апробациясына дайындық жүргізілуде. Биыл оны барлық мемлекеттік органның жұмысына енгізу жоспарланған.

Жеке өтініш беру азаматтардың және заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына құқығы болып табылады.

Гүлзат ДӘУРЕНБЕКОВА,

ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери басқарманың

Талдықорған және Сарыөзек гарнизоны бойынша аға прокуроры