Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қашықтықтан оқыту - заман талабы


15 апреля 2021, 08:19 | 1 686 просмотров



2021 жылдың сәуір айының 8-9 аралығында педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында   «Жігер инженер-педагогтер» Ассоцияциясы мүшелерінің «Қашықтықтан білім беру: белсенді әдіс-тәсілдер арқылы құзыреттілікті дамыту» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды.

 «Жігер инженер-педагогтер» Ассоцияциясы мүшелерінің «Қашықтықтан білім беру: белсенді әдіс-тәсілдер арқылы құзыреттілікті дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған Үшқоңыр су шаруашылығы колледжнің  арнайы пән оқытушысы - Есжанова Анар  Сергеевна  «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының 2 курс білім алушыларымен   «Қоршаған ортаның жағдайын бақылауға арналған құралдар мен өлшемдер» пәні бойынша – «Иономер РХ -150 МИ. Құрылысы, жұмыс принципі, пайдалануы»  атты ашық сабағын ұсынды. Ашық сабақ барысында  оқытушы қашықтықтан білім берудің  тиімді әдіс-тәсілдерін және  Жамборд тақтасын,  презентация мен бейнероликті өте тиімді пайдаланды.  Проблемалық сұрақтар арқылы ашылған жаңа тақырыпты меңгерту  барысында білім алушылар білім беру ресурстарының негізінде   «LearningApps»  тапсырмаларды белсенді орындады.

Сабақ соңында білім алушылар оқытушыға кері байланыс берді. Ал әріптестер тарапынан берілген кері байланыс оқытушының алдағы тәжірибесіне жаңаша серпіліс берді.

Оқытушының басты қаруы-ашық сабақ десек. Ашық сабаққа қатысқан әріптестер өз  тәжірибелерін  шығармашылық тұрғыдан ізгілендірсе, оқытушы өз тәжірибесіне сараптама жүргізіп, әдістемелік бағытына өзгерістер енгізудің жолдарын айқындай алды. Тәжірибедегі кедергіні анықтау, түзету мақсатын іске асыратын әрине кері байланыс. Сондықтан барша педагогтерді  ашық сабақ арқылы ашық тәжірибе таратуға шақырамын.

Автор:
Гүлім Дуванбекова, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің әдіскері