15 апреля 2021, 09:55 | 927 просмотров
Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың нақты мәселелерін Елбасы анықтап берді. Қоғамдық сананы жаңғыртудың алтын діңгегі – білімді ту ету болып табылады. Қоғам үшін заман ағымына сай – білімге деген құштарлық болуы қажет, себебі қоғамның дамуы білімді жас ұрпақтың қолында, сондықтан білімділік – басты құндылық болса, мемлекетіміздің даму қарқындылығы өседі. Білім –әр адамның рухани азығы . Бірінші кезекте 2025 жылға дейін қазақ тілін кезең –кезеңмен латын ғәрпіне көшіру мақсатын қойып, бұның қоғам үшін қаншалықты маңызы барын көрсетті. Қазіргі таңда қоғамда бұл жұмыстар қолға алынып, латын ғәрпі негізінде қазақ тілінің жаңа алфавиті қолданысқа ұсынылды. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру – бәсекеге қабілетті ұлт болудың басты мүддесі, білімді болудың алғышарты деуге болады. Себебі, елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан екендігі айтылған. «XXI ғасырдағы дамыған белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» делінген. Барлық дамыған елдерде білім беру жүйесінің озық әдістері бар. Елімізде білім сапасын жақсартуда заманауи оқыту әдістемелерін білікті мамандар оқу үрдісінде қолдану маңыздылығы айтылған.
Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін дамыту мәселесін қойып отыр. Білім жүйесіне оқытудың әртүрлі технологиялары қолдана отырып, мектеп тәжірибесіне енгізілуі қажет.
Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Әрбір сабақты өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді.«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» – деп бес арысымыздың бірі - Ж. Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынды, үлкен өзгерістерге ие болды.
Отандық білім беру жүйесінде реформаны жүзеге асыра отырып, біз оны мынадай бағытта дамытуды қамтамасыз етуіміз керек болды:
*бірыңғайлық пен біртұтастықтан – ашық әрі алуан түрлілікке;
*әрі – сәріліктен – жеке тұлғалық – бағытталғандыққа;
*бір жақты білімділіктен – білімді беру және еске түсірумен ғана түгенделмейтін, адамның көптеген және көп қырлы зияткерлік, көркемдік, рухани, практикалық іс-әрекеттеріне де есептелген іс-әрекеттік пен полимәдениеттілікке;
*схоластикалық, жалған академиялық, нәтиже жоқтығынан (бұл жерде білім мазмұнының ең көп бөлігі оқушылардың меңгеру мүмкіндігі мен қызығушылығынан тыс қалады) – өмірге ұмтылыс пен тиімділікке;
* репродуктивтіліктен және бейімдеушіліктен – қоғам мен жеке тұлғаның қазіргі өмірде серпінді болып жатқан өзгерістерге «үйлесіп» ғана қоймай, осы өзгерістерді жүзеге асыру, алға жылжыту қабілетін қалыптастырушы нәтижелілікке және дамытушылыққа.
Бірақ бұларды жүзеге асыру қиын болды. Сондықтан 11 жылдық мектептен 12 жылдық мектепке көшуді жүзеге асыра отырып, ең алдымен, осы проблемаларды шешу, яғни, оқытуды ұйымдастыру принципін өзгерту мен ондағы оқушының рөлін білім, білік, дағдыны енжар «алушыдан» танымдық үдерістің белсенді субъектісіне айналдыру міндеті қойылды. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Көру арқылы ой қорытатындар (визуалдар), есту арқылы пікір жинақтайтындар (аудиалдар) болады. Біреулері көргенін тез қабылдап, біреулері естігенін есте сақтайды. Сонымен қатар балалардың кинестетик деп аталатын тағы бір тобы бар. Олар бәрін өздері қолдарымен ұстап, бақылап жылжытып, өзі жасағанды ұнатады. Ал көбінесе біздер балалардан қозғалмай отыруды талап етеміз. Мұндай жағдайда кинестетиктер ешнәрсені жөнді ұға алмайды. Сонан кейін оқуға деген қабілетін жоғалтады. «Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» – деген Платон бір сөзінде. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан – жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу». Тұлға дамуы оның белсенділігімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді, есте сақтайды. Математик – ғалым Асқар Жұмаділдаевтің білім саласы жайлы айтылған пікірінде: "Жапонияның озық үрдісін үлгі – өнеге ретінде қолдана отырып,кез келген білімді адам технократ болуы керек". Жапонияны алатын болсақ, біздің балаларымыздың білім сапасы Жапония елінің білім сапасынан айтарлықтай төмен екендігі анықталған. Олар біздің оқушыларымызға қарағанда едәуір аз пән оқиды. Жапонияда жеке тұлғаның эмоционалдық бет – бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%–ды құрайды. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіне айтарлықтай көп уақыт бөлінеді. Мұғалім мен тұлға арасындағы қарым–қатынаста руханиадамгершілік байланыс орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш. Аманашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үдерісте баламен тіл табыса білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді.Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады.Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Заман ағымына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт – бағдар беруші – мұғалімдер. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.Білім жайлы ой қозғасақ қазақтың бірнеше мақалы еске түседі.«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп»
Қазіргі таңда, біліммен ғылымның жарыса дамыған заманы. Бұл заманда білекке емес, білімге сеніп, ойымыздың ұшқырлығын, сауаттылығымызды көрсетіп алдыға қарай ұмытылуымыз қажет. Алдыға қарай қадам басқан сайын біздің біліміміз тереңдей түседі. Білім инемен құдық қазғандай деп бекер айтпаған. Білімді болуы үшін жер – көктің құпиясын ашу маңызды емес. Білімнің қайнар көзі – кітап дейміз. "Жатқан заман ұлы сөз текке кетті" – деп атақты Қадыр Мырза Әли жырламақшы, қазір қоғамның аз бөлігі ғана әдеби кітаптарды үнемі оқиды. Соның орнын толтыру мақсатында Елбасымыздың қолдауымен 100 жаңа оқулық жобасы қолға алынып, мектеп қарамағында оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында өз деңгейінде іске асырылуда.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. – деп Абай атамыз өз уақытында білімнің қадірін жыр шумақтарымен білдірген екен.Заман ағымына сай бәрімізге білімді, сауатты болу-парыз. Қазақстанда білім саласында көптеген жаңалықтар ашып, тіптен, шетелдік оқу орындардан ұсыныс алып жатқан жастар аз емес. Бұныда біздің білім саласының жетістігі деп бағалаймыз. Басқа мемлекеттерде озық оқыту жүйесімен, заманауи технологияларды меңгеру барысында қазіргі кезде білімнің шыңына шығып жатса, біздің елімізде Хәкім Абай, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы, жастарды оқуға баулыған Ыбырай Алтынсарин, болашаққа сенім артып кеткен Мағжан атамыз өз заманында бағындырып кеткен. Білімнің сары майы шыққанша оқып, талмай еңбек етудің арқасында Бес арысымыз, Алаш зиялылары, ұлы Абай т.б қазақтан ақын –жазушы, ғұлама данышпандарымыз шыққан. Солар бағындырған шыңға жету – біздің парызымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Скакун В.А. Введение в прфессию мастера производственного обучения:Методические пособие. – М.:Высш.шк., 2010г.