Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Биология сабағында оқушыларды бионика элементтерімен таныстыру


16 апреля 2021, 04:32 | 1 046 просмотров


Бионика – көне грек сөзі «бион» - өмір элементі,өмір көзі дегеннен алынған.Бионика ғылым мен техника саласында биологиялық системалардың жұмыс принциптерін пайдалануды қарастырады.Биониканың басты міндеті – тірі табиғаттың (адам,жануарлар) құрылу принциптерін зерттей отырып,биологиялық жүйелеудің жұмыс принциптерін техникада пайдалану,адам мен аппарат арасындағы байланысты шапшаңдату.Сөйтіп,бионика,бір жағынан тірі организмдерді зерттейтін биология ғылымына қатысты болса екінші жағынан,әр түрлі салаларды зерттейтін техникаға да қатысты.Бионика жөнінде өткен ғасырда яғни 1960 жылғы 13 қыркүйегінде халықаралық тұңғыш конгресс болды,онда «Ұқсас тірі нұсқа үлгілер – жаңа техникаға жетудің кілті» деген ұран тастап,бионика өз алдына дербес ғылым болып жарияланды.Бионика биология,физика,техника және т.б. ғылымардың негізінде қалыптасты.

Жануарлар мен өсімдіктердің толып жатқан сырлары,қайран қалдырарлық қасиеттері осы күнге дейін көптеген ғалымардың назарын аударуда . Мысал ретінде теңіз ішекқуыстыларына жататын медуза  дауылды 15 сағат бұрын сезетіні оның денесінде инфра құлақ болуына байланысты екен.Осыған орай ғалымдар,инженерлер  медузаның осындай қасиетін  техникада қолдану жолын ойлап электронды аппарат ойлап тапты.

«Моллюскалар типіне» жататын кальмар суда екі түрлі қозғалуы оның мантия қуысына байланысты тез жиырылып, қатты қысыммен  атылуына қарап инженерлер суда әр түрлі жылдам қозғалыстар жасай алатын ракеталар жасауда. Әлем кеңістігіне ұшырылып жүрген  реактивтік  самолет,ракеталардың барлығының пішіні мен ұшу жылдамдығы басаяқты моллюскалардың іс-әрекетіне еліктеп жасалған.

Буын аяқтылар типіне жататын өрмекшілер атммосфера қысымының өзгеруін алдын ала сезеді.Аяқтары өте қуатты болуы қан келіп тұруына байланысты.Айға  ұшырылған «Луноход»автоматты аппаратының ай бетінде ақырын жайлап қонуы оның аяққа ұқсас бөлімдерінің өрмекшінің аяғына сәйкестендіріп жасалуынан.

Насекомдардың басым көпшілігі жақсы ұшады. Сырттай қарағанда қатты қанаттарынан ешбір тіршілік нышаны байқалмайтын сияқты.Бірақ  сыртқы қатты қанаттарында нерв талшықтары мен қан тамырлары бар, қанша ұшса да талмайды,мықты болады. Мықтылығын  зерттей келе жел күшін дұрыс анықтайтын құрал жасап шығарды.

Балықтар да бионикамен байланыстыру мысалдары көп.Олар жер сілкінуді,ауа райының бұзылуын алдын ала сезетін түрлері кездеседі.Олар: голец, құйын балық т.б.Бұл балықтардың жүзу қанаты аз мөлшерде қысымды сезеді.Суда жақсы жүзетін балықтарға қарап ,сүңгуір қайықтардың түрлері жасалынған.

Бионика кеңістікті бағдарлауға  және көруге болмайтын жағдайда заттарды табуға арналған өте күрделі техникалық аспаптарды құрастырып,толып жатқан қиыншылықтарды жеңіп шығуда техника мен медицинаға көмектесіп отырады

Автор:
Шарбану Абдикеримова, №15 орта мектебі МКК биология және өзін-өзі тану пəні мұғалімі, педагог-зерттеуші Талдықорған қаласы