Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарбаздар әуе-десанттық даярлықтан өтті


16 апреля 2021, 04:52 | 555 просмотров



Талдықорған гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары әуе-десанттық даярлықтан өтті. Оның маңызды бөлімі парашютпен секіру болып табылады.

Даярлықтың мақсаты – әуе-десант әскерлерін парашютпен секіруге және қарсыластың тылында жауынгерлік міндетті орындауға үйрету. Сарбаздар даярлық барысында парашютпен секіруді және оны жинауды, материалдық құралдарды дайындау мен оларды әзірлікке келтіруді пысықтады.

- Парашюттан секірудің ең маңызды бөлігі ол парашютты жинау. Әуеде сенімді, әрі нақты іс-қимылдар жасау үшін әр десантшы тек өз парашютын жинауы тиіс, – дейді батальон командирінің әуе-десанттық даярлық ісі жөніндегі орынбасары міндетін уақытша атқарушы капитан Айтжан Анарқұлов.

Жеке құрам сарбаздарына жүктелген нақты талаптар мен тапсыр қойылады. Соның барлығын орындау үшін десантшыларға жан-жақты даярлық қажет.

-        Десантшы болу менің бала кездегі арманым еді. Арманыма ақырындап қадам басудамын. Осы жердегі білікті командирлердің арқасында, қарулас достарыммен бірге көптеген тәсілдерді үйренудеміз. Солардың бірі парашютты дұрыс жинау және дұрыс секіру тәсілдері. Осындай жаттығулардың арқасында, біз қарапайым қазақ баласынан, нағыз десантшыға айналамыз, - дейді қатардағы жауынгер Бейбіт Абылайхан.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі