Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінде «Қауіпсіз жол» атты айлығы өтуде


16 апреля 2021, 09:29 | 1 478 просмотров



2021 жылдың сәуір айында Сарыөзек гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автокөлік полициясы бөлімшесінің қызметкерлерімен, Сарыөзек гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен «Қауіпсіз жол» айлық іс-шаралары бойынша түсіндіру сабақтарын өткізді.

Атап айтқанда өткізілген шараға әскери бөлім командирлерінің материалдық – техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлары мен техникалық байқау пункттерінің бастықтары және әскери техниканы жүргізуші мамандары қатысты.

Яғни шараларды өткізу барысында әскери бөлімнің көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғаларының, парк бойынша кезекші болып түсетін әскери қызметшілерінің, бақылау техникалық пункттерінің бастықтарының қатысуымен көлік құралдарын пайдалану, көліктерді рейске (рейстен кейін) шығарудың тәртібі және парк бойынша кезекшінің іс-қимылы бойынша тәжірибелік көмектер көрсетіліп, сабақ өткізілді.

Сонымен қатар әскери қызметшілерге жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды.

«Мұндай іс-шаралардың мақсаты әскери қызметшілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру» - дейді Сарыөзек гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы капитан Бауржан  Сәулетұлы.

Осы жылдың наурыз айында Сарыөзек гарнизоны бастығының, аталған айлық бойынша құрылған комиссияның, бақылау техникалық пункттерінің бастықтарының қатысуымен жол қозғалысының ережелері мен қолданыстағы құжаттардың талаптары бойынша сынақтар қабылданып, бақылау-техникалық пункттері бастықтарына куәліктер берілген болатын.

Жыл сайын ұйымдастырылатын осындай іс-шара әскери қызметшілер арасында жол-көліктік тәртіпті арттыруға және жол көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.

Өткізілген іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор