Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қашықтықтан оқытуда білім беру платформаларының тиімділігі


19 апреля 2021, 05:21 | 1 812 просмотров



Қашақтықтан оқыту – оқушы мен мұғалім алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық  құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу үдерісін бақылау.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосу.

Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады. Оқушыларыммен бүгінгі таңда қашықтан оқыту бағдарында – Telegram, Kyndelik.kz, Online Mektep,  Zoom плат­формаларының көмегімен күнделікті сабағымды зерделеп, сол арқылы байланыс орнатып жүрмін.

Сондай-ақ, кері байланысты, яғни оқушылардың жаңа тақырыптар бойынша алған білімдерін бақылау және бағалау мақсатында Google Формалар құралдары қолданысын кеңінен тапты.

Google Classroom– оқытуды толығымен онлайнға көшіруге мүмкіндік беретін платформа: тақырыптар бойынша сабақтар құрастыру, материалдар қосу, үй тапсырмасын беру және тексеру. Google-дың арнайы оқыту үшін ұйымдастырылған пайдалы сервистерін біріктіреді. Платформада келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:

 

▪ өз сыныбын/курсын құру;

▪ оқушылардың курсқа жазылуын ұйымдастыру;

▪ оқушылармен қажетті оқу материалымен бөлісу;

▪ оқушыларға арналған тапсырмаларды ұсыну;

▪ оқушылардың тапсырмаларын бағалау және олардың жетістіктерін бақылап отыру;

▪ оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру.

Google Classroom сонымен қатар жеке оқушыларға немесе шағын топтарға арналған тапсырмаларды реттеуді жеңілдетеді. Бұл мұғалімдер сыныптағы белгілі бір оқушыларға немесе топтарға өзгертілген немесе әр түрлі тапсырмалар бере алады. Сондай –ақ бізге оқушылардың сұрақтарына немесе қосымша көмекке мұқтаждығын білу үшін жеке- жеке тіркелуге болады.

Қорытындылай келе айтар болсам Google Classroom платформасының артықшылықтары өте көп. Соның ішінде әсіресе география  сабақтарында қолдану өте тиімді.

Автор:
А.С.Аскарова «Еркін ауылдық округіндегі мектепке ДШО бар №26 орта мектеп» КММ, География пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші