Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық тәрбие-ел болашағы


19 апреля 2021, 06:21 | 419 просмотров


Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-

ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, жаңа технологиялар уақыт сынынан өткен бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ұштасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен де астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді.

Бүгінде, оқушының ұлттық сана сезімін оятып, тәрбиелеумен бірге, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі өнегені сіңіру, яғни тәрбие беру басты міндет екені даусыз. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы-отбасы, екіншіден мектеп болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бірігіп жұмыс атқару жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата-салтын, жалпы асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету-ұлттық болмысымызды сақтап қалудың бірден бір жолы. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Ұлттың сана сезімі мен ана тілін білу, жерінің, елінің тарихына зер салу төл мәдениетін игеруден туындайды. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие-ел болашағы. Олай болса рухани байлыққа ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл-қазақ болуымыз үшін, дін-адам болуымыз үшін, салт дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет.

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес.Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүйюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат еткен. Сол рухани үрдіс бүгінгі күнге жеткізді. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі әбден мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу-бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Сондықтан халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасын жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу-басты парызымыз.

Автор:
Нурбол Ниязбеков, Талдықорған қаласы №28ІТ мектеп-лицейі көркем еңбек пәнінің мұғалімі