20 апреля 2021, 05:20 | 907 просмотров
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беруде оқытушы мен білім алушының ақпараттық технологиялық құзыреттілігін арттыруда, жаңа оқу-танымдық ортада бірлесіп жұмыс істеуде психологиялық тұрғыдан дайын болуына үлкен мән берілуде. Осы орайда Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың 8-9 сәуір аралығында «Қашықтықтан білім беру: белсенді әдіс-тәсілдер арқылы құзыреттілікті дамыту» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырды. Шара барысында «Жігер инженер-педагогтер» Ассоцияциясы мүшелері өз тәжірирбелерімен бөлісті.
Солардың бірі Алматы экономикалық колледжінің «Информатика» пәнінің оқытушысы Курмангалиева Алма Болатбековна «Компьютерлік графика» пәні бойынша Adobe Photoshop фильтрлері ұғымдарын анықтау, Adobe Photoshop фильтрлері түрлерімен танысу, Adobe Photoshop фильтрлері түрлерін кесіндерді жақсартуда қолдану мақсатындағы ашық сабағын жұмыс беруші дизайнерлерімен жүргізген сұхбат арқылы бастады. «Learningapps» платформасында «Білу», «Түсіну», «Қолдану», деңгейлеріндегі тапсырмалар «Оқы. Сарала. Талда» әдісі арқылы Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторында бірнеше фильтр түрлерін қолдана отырып төмендегі судың және су иірімінің эффектісін орнату және осы эффектілерді жасауда фильтрдің қандай түрлері қолданғанын анықтау арқылы орындалды. «Талдау», «Жинақтау» бойынша білім алушылар Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторында фильтрлер түрлерін қолдана отырып өз өнімдерін жасау жолдарын көрсете білді. Үй тапсырмасын беруде «Болашақта дизайнер маман ретінде жұмыс берушілердің критерийлерін ескеруді және постерлерге эффект жасауда фильтр түрлерін қолданудың дұрыс нұсқаларын анықтауға кеңес берді. Алма Болатбековна өз тәжірибесінде білім алушылардың сыни ойлау, талдау, зерттеушілік қабілеттерін дамытуда қолданылған әдіс-тәсілдерін, фукционалдық сауаттылығын қалыптастыратын тапсырма түрлерін және қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын LearningApps тақтасын пайдалану тиімділігін көрсете білді. Білімгерлер де сабаққа белсенді қатысып, қызығушылықтары ерекше байқалды. Мен үшін сабақта әріптестердің тәжірибелерімен бөлісуі тиімді, сапалы болды. Шарада өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерге алғыс айта отырып, еңбектеріне шығармашылық табыстар тілеймін!