Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Lesson Stadu» зерттеу сабағындағы А,В,С деңгейіндегі оқушыларының сабақтағы қызығушылығын арттыру


20 апреля 2021, 05:29 | 7 522 просмотра



«Lesson Stadu» зерттеу сабағындағы А,В,С деңгейіндегі оқушыларының

 сабақтағы қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақты зерттеу мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады (Пит Дадли, 2015). Бұл тәсіл «сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талқылау үдерістерін қамтиды» (Т. Чичибу, 2013) отырып, «оқытумен оқу тәжірибесін жетілдіруді, соның нәтижесінде түпкі мақсат – оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды» (Б. Ғабдоллақызы, 2015) көздейді.  Яғни, сабақты зерттеу – кәсіби білім алу үдерісі.

Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінің белгілі бір қырларын жетілдіруге бағытталған арнайы педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың оқуына және прогресіне назар аударады. Сабақты зерттеу білім және тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізетін мұғалімдердің бірлескен жұмысын  зерделеуді көздейді (Курамото, 2014).

Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар  педагогикалық білімді жетілдіру, оқу бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау, мектепті  басқару және т.б. салаларда да жүргізілуі мүмкін (Курамото, 2014). Сонымен қатар Сабақты зерттеу жеке шара ретінде емес, күнделікті жұмыстармен, мәселен, жаңа оқу бағдарламасыненгізу, белгілі бір саладағы оқыту тәжірибесін жетілдіру, ұзақ мерзімді жоспарлаумен бірге

ықпалдастырылып жүргізілгенде анағұрлым тиімді болмақ (Lewis, Hurd, 2011).

Сабақты зерттеу тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады.

Зерттеу топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады.  Сабақты зерттеу  үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай бірқатар қадамдар бар:

  • Зерттеу тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады.
  • Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, кімдіоқытуды анықтайды.
  • Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зерделеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
  • Топ қандай сынып және қандай үш «зерттелетін оқушы» назарға алынатынын, сондай-ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын шешеді.
  • Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «зерттелетін оқушылардың» сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
  • Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлері белгілеп, түртіп алып отырады.
  • Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен сұхбат жүргізеді.
  • Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді.

Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:

-жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;

-сыныптың тұтастай оқытылуы;

-зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;

-белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу.

- келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.

Мiндeтi:

- Oқу сaбaқтaрын  қызықты, тaртымды жәнe мaңызды eтугe бaғыттaу;

- А,В,С оқушылaрдың нe бiлeтiнiн анықтап, ары қарай ойлау дағдыларын дамуына ықпал ету;

-  Бaлaлaрдың өзiндiк oйлaуы мeн түсiнiгiнiң кeмeлдeуiнe көмeктeсу;

Күтiлeтiн нәтижe:

- бaлa өзiн oқушы рeтiндe тaни oтырып, өзiнiң        мықты жәнe әлсiз жaқтaрын сeзiнeдi;

- oқу үдeрiсiндe нe ұнaйтынын, нe ұнaмaйтынын түсiнeдi жәнe жeкe мaқсaттaрды бeлгiлeу қaбiлeтi туындaйды;

- Oқушылaр өз oйын aнық бaяндaуғa, сыни ойлауға дағдыланады  ;

- Oқушылaрдың өзiн-өзi бaғaлaуы қaлыптaсaды;

- Өзiнiң жәнe өзгeнiң пiкiрiн құрмeттeугe үйрeнeдi;

- Кeрi бaйлaнысты мeңгeрeдi;

Сабақтардан кейін зерттеушілер мен пән мұғалімдері бірлесіп сабақтағы  А, В, С деңгейіндегі оқушылардың іс-қимылдары туралы өз ойларын, пікірлерін  білдіріп, хаттамалар жазылып отырды.

Зерттеушілер  келесі деректер  жинақталды:

  • қадағаланатын оқушылардың сабаққа араласу белсенділігі;
  • мұғалімнің шағын топтармен әрекеттестігі ;
  • мұғалімнің қойған сұрақтары;
  • оқушының өтіліп жатқан тақырыпқа берген түсініктемесі, әдетте тақырып өтіліп

басталғанда және біткен соң сұралады;

  • оқушылар басқа сыныптасының пікірі негізінде өз ойын өрбітуі немесе өз пікірін білдіргенде басқа оқушының айтқанына сілтеме жасауы;

Қорытынды жасау кезінде оқушының пікірін тыңдау;

  • оқушылардың эмоциялары (бет-әлпетінің өзгеруі, дыбыспен білдіруі, дене қимылдары т.б.);
  • проблеманы шешу жолдары туралы оқушының бастамалары. Олардың көздері жанып тұрды ма?

Оқушылардан сабақтардан соң келесі үлгідегідей   интервью сұрақтарын әзірленді:

1.Сен үшін бүгінгі сабақ қалай өтті ?

2.Сен  бүгін  нені үйрендің ?

3.Сабақтың  қалай өтуін қалайсың ?

4.Оқытудың қай бөлігі сен үшін тиімді болды?

5.Несімен тиімді болды?

6.Сабақтың қай тапсырмасында қиналдың

7. Сабақтың қай әдісін келесі сабақта пайдаланғанын қалайсың т.б.

Әр сaбaқта  белсенді әдістерді қайталанбайтындай ойластырып тақырыптың, пәнінің  ыңғайна келтіріп жоспарланды. Жоспардың әр кезеңінің тапсырмадан соң дескрипторлар жазылып, қалыптастырушы  бaғaлaудың түр түрi еңгізілді. Oқушылaрдың жұмыстары жеке, жұппeн,  тoппeн  істегендері көрініс тапты. Оқушылар әр сабақты тосып, бүгін қандай түрінде өткізілетіні екен өзара қызығушылықты танытып айтып жатады. Осыдан «А» деңгейіндегі оқушы өзгелермен өз білімін бөліскендігін, тобын алға жылжытуға ықпал еткендігін, «В» деңгейіндегі оқушы тапсырманы орындаудағы белсенділігінен  оның «А» деңгейіне көтерілуге мүмкіндігінің бар екендігін ұққандығын, «С» деңгейдегі оқушы бұрыңғыдай үндемей отыра бермей, ашылып, достарынан көмек сұрап, қарым-қатынасқа түскендігін, сабаққа белсенділігі артқанын байқалды.

Сабақтың соңында оқушыларға   рефлексияның түрлері ұсынылып, жaқсы oйлaр, пiкiрлeр, ұсыныстaр туындaп жaтты. Oқушылaр сaбaқтaн aлғaн әсeрлeрiн жaқсы жeткiзe aлды.

А, В, С деңгейдегі оқушылардан әр сабақтан кейін кері байланыс алынып тұрды. Олардың жауаптарын ескере отырып, келесі жоспарлаған сабақтарымызды жақсарту үшін өзгерістерді еңгізіп отырдық.

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.

Қай кезде де мұғалім мектептегі негізгі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім.

Автор:
Анар Тазабекова, «№15 орта мектеп» КММ, математика пәнінің мұғалімі, мектеп тренері, Талдықорған қаласы