Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Асем: ағылшын тілінде сөйлеу деңгейін көтеру үшін дебат ойынын қолдану


20 апреля 2021, 10:12 | 2 144 просмотра



Дебат – мақсатты, ретке келтірілген көзқарас, пікір мен идея алмасу. Әлемдік тәжірибеде жастардың дебат қозғалысы ерекше әлеуметтік құбылыс саналады. Халықаралық мектеп лигасы дебат қауымдастығына 50 ел кіреді. Дебат саясат, бизнес, әлеуметтік қызмет, білім беру, психология және тағы басқа салаларда қолданылады.

Жоғарғы сыныптың оқушылары арасында дебат өткізудің ең көп таралған форматтарының бірі – 1993 жылы “Ашық қоғам” институты құрған Карл Поппер атындағы дебат. Тұлғаны жан-жақты дамыту мен ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында Францияда және басқа еуропалық елдерде балалар мен жастар арасындағы дебат кеңінен қолданылады. Ұлыбритания, Франция, Германия, Австрия және тағы басқа елдердің оқу орындарында ашық қоғамда белсенді азамат қалыптастыру мақсатында “Дебат” бағдарламалары құрылған. Дебат Қазақстанда гуманитарлық білімді жаңарту мен өзгерту мақсатында 1996 жылғы сәуірде “Сорос-Қазақстан” қорымен басталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қазақстандық педагогтар арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесінде оқушылардың адамдармен қарым-қатынас жасауында, байланыс орнатуында кінәрат бары анықталды. Дебатқа қатысушылардың 69%-ының коммуникатив құзыреттілік деңгейі, атап айтқанда, танымдық және мотивациялық компоненттері жеткіліксіз деңгейде болса, 29%-ында орташа және тек 2%-ында ғана жоғары екені байқалған. Жоғарғы сынып оқушыларының 19%-ында ғана адамдармен тез қарым-қатынас орнату қабілеті болған.

Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту – өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Сондықтан, өз тәжірибемде осы дебат ойынын ағылшын тілін үйренуге әсерін білу мақсатында дебат сабақтар өткізіп көрдім.

Ағылшын тілін үйренудеде дебаттың пайдасы орасаң зор. Олар:

  • Оқушы дебат дайындалу барысында көптеген жаңа сөздермен танысып, еріксіз жаттап алады;
  • Грамматика тұрғысында сөйлемді дұрыс құруға үйренеді;
  • Фонетикалық дыбыстарды дыбыстауға жаттығып, тез сөйлеп, тез ойлануына ықпалдасады;
  • Оқушылардың сабаққа, жалпы ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын жоғарлатады:
  • Өз ойларын ағылшын тілінде жеткізіп «Сөйлеу» дағдылары дамиды.

Ағылшын тілінде дебат сабақтарды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады. Бірақ алдын-ала тақырып беріліп, дебат болатындығы ескертілгені жөн. Себебі, оқушылар үшін ағылшын тілі ана тілі болмағандықтан бірден дәлелдер келтіру қиынға түседі.

 Өз тәжірибемде өткізген дебат сабақтардың бірі әрі, алғашқылары Еркін ауылдық округіндегі № 26 орта мектептің  10 ә сыныбы еді. Сабақ мақсаты ағылшын тілін грамматикасын дұрыс қолдана отырып, сөйлеу болған. Сабақ өз мақсатына жетті. Бірақ, балалардың сөз қорының аздығына байланысты уақытылы туындаған сұрақтарға пікір-талас боламады, көрініс таппады. Оқушыларға сөйлеу тұғысынан пайдасы болғанымен, нағыз дебат болмады. Сондықтан, алдағы уақытта бірініші сол тақырыпқа байланысты сөздерді, сөз тіркестерін таныстырып, 2-3 сабақ бұрын дайындық жұмыстарын жүргізіп көрдім. Бұл іс-әрекетім өз нәтижесін берді. Алайда, әлде де жұмыс жасайтын қиындар анықталып келеді. Бірақ бұл ең маңызыдысы емес, ең бастысы оқушылардың ағылышын тілін пайдаланып сөйлеу деңгейі сәлде болсын ілгерледі.

Жалпы алғанда, дебат арқылы ағылшын тілінде сөйлеуге үйренуге болады, бірақ сөздік қорын үнемі ұлғайтып отыру қажет.

Автор:
Асем Тоқтасын, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Еркін ауылдық округіндегі МДШО бар №26 орта мектеп» КММ, Талдықорған қаласы