Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі


21 апреля 2021, 04:38 | 454 просмотра



Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика пәні басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған мәселелер аз емес. Солардың бірі – оқушылардың логикалық ойлау ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.

Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі. Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді. Шығармашылық ізденіс, талдау және т.б. есептерді шығару, талдау жұмыстары жеке – жұппен – топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Мектептегі оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда математика курсының алатын орны ерекше. Сонымен қатар, дарынды балалардың математика сабағында жаңа ақпараттық технологияны, интернет жүйесін қолдануы, шығармашылық ізденістері өзіндік қабілеттерін ашып қана қоймай, жеке бір салаларды дамытады.

Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беруі керек. Оқушылар арасында математика саласындағы шығармашылық сайыстарын ұйымдастырып, практикалық жұмыстарға қатысу, пән бойынша олимпиадаларға, Online олимпиадаларға, әртүрлі конкурстарға қатыстыруы керек.

Дарынды оқушыларды шығармашылыққа дайындаудың негізгі мақсаты: шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылық ойлау, танымдық қабілетін дамыту болып табылады.

Аталған жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың өз бетімен ізденуіне жəне өз бетімен ізденуіне және өздерінің логикалық ойлау тұрғысынан шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруларына мүмкіндік береді.

Шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлғаны қарым-қатынас арқылы дамыту ғана емес, математиканы компьютерлік технологиясымен сәйкестендіре отырып, келешекте өз өмірлерін өнермен байланыстыра білген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу ең басты фактор болып табылады.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Қорыып айтқанда Мен өзімнің шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, мұғалім – оқушының жеке тұлғалық және зияткерлік дамуын жобалаушы екендігін айтқым келеді. Бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеуді, олардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді. Шығармашылық —бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Автор:
Еркінтай Нұрдәулет, Математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор «Еркін ауылдық округіндегі МДШО бар №26 орта мектеп»КММ.