Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!


21 апреля 2021, 09:22 | 533 просмотра



Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Соңғы уақытта әлуметтік желілерде алаяқтық фактілері көбеюде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтықтардан абай болыңыздар.

Азаматтық құқық бұзушылықтың жаңа түрлері және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қылмысты жасаудың жаңа әдістері пайда болуда. Олар: «Instagram», «OLX», «Kolesa KZ», «Krisha KZ», «Kaspi Gold», «QIWI Кошелек». Оңай олжаны көздегендер алаяқтық кәсіпке айналдыруда.

Алаяқтық дегеніміз- ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау болып табылады. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы- адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу.

Алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, мына қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз дұрыс. Егер жаңа танысыныздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын (куәлік, сенімхат, сертификат, т.б.) көрсетін сұраңыз. Әртүрлі себеппен ол ұсынған іс-әрекеттің орндалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін ешқандай төлем жасамауларыңызды сұраймын. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.

Автор:
Б.О.Суйербаев, Талдықорған ҚПБ «Шығыс» ПБ КПБ жедел уәкілі полиция подполковнигі