Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша көркем еңбек пәнінің маңыздылығы


22 апреля 2021, 05:02 | 698 просмотров



Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Өткен ғасырдың 40-60 жылдары еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұны басым жергілікті аймақтардың еңбек түрлеріне сәйкес құрылып, оқушыларды сол еңбек түрлеріне үйретіп келді. Ал, 80 жылдары барлық Кеңес Одағының Республикаларындағы жалпы орта мектепке арналған типті білім беру мазмұны құрылып, сол оқу бағдарламасы бойынша 90 жылдың бас кезіне дейін сақталды. Мұнда оқу пәнінің атауы «Еңбек» болды. Осы оқу пәнінің білім беру мазмұны ағаш, метал, мата, тағам дайындау, электротехникалық жұмыстар, конструкциялық материалдарды өңдеу, ауылшаруашылық жұмыстар сияқты оқу бөлімдерінен құралған. Осы «Еңбек» оқу пәні бойынша жоғары сынып оқушылары нақты еңбек түріне бағытталған кәсіби білім алуымен де жалғасып тиімді дәстүрге айналып отырды. Бұл оқу пәнінің шектеулі еңбек түрлерінің болуындағы басты идея, оқушыларға жалпыламалық еңбек мазмұны бойынша білімі мен іскерліктерін қалыптастыру еді. Сонымен бірге, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде вариативтік оқу бағдарламасы да қалыптаса бастады. Оның атауы көркем еңбекпен байланысты болды. Мұнда оқушылар сәндік-қолданбалы өнер түрлері бойынша білім алумен бірге әр түрлі сәндік бұйымдар жасауға ұмтылдырды. 1986 жылддары Қазақстанның жалпы орта мектептерінің «Еңбек» оқу пәнініңде кеңінен сәндік-қолданбалы өнердің түрлері бойынша ұлттық бұйымдарды жасауға үйрету кеңінен орын алды. Ал, 1998 жылы Қазақстанда тұңғыш рет білім беру стандартының енгізілуіне байланысты еңбек оқу пәні «Технология» білім беру саласы деген атау беріліп, оның білім беру мазмұны күрделі өзгерістермен жетілдірілді. Осы атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұны Е.Климовтың еңбек түрлерін топтау ұсынысын ескере жасалып, оқушыларды қоғамдағы әр түрлі еңбек мазмұны бойынша таныстыру мен қарапайым еңбек тәсілдерін үйрете, олардың болашақ өзін-өзі анықтау мен өмір жолын таңдауға ықпал ететін мамандық түрін саналы таңдауға дайындау болып табылды. Технология оқу пәнінің білім беру мазмұны сегіз бөлімнен құралса, оның бір оқу бөлімі сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыруға арналған. Осы білім беру мазмұнындағы технология оқу пәні осы уақытқа дейін сақталып келді.

Олай болса, технология пәнінің білім беру мазмұнында көркем еңбектің оқу материалдарының сақталуы жаңа атаудағы оқу пәні бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне қиындықтар туғызбайды. Оларда біршама кәсіби білімі мен іскерліктері және тәжірибелері жеткілікті.

Қорыта айтқанда, еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұнының өзгерістері мен жетілуіне ықпал еткен өндірістер мен қызмет көрсету салаларындағы еңбек түрлерінің жаңаруы мен мазмұнының өзгеріп отыруына, жалпы айтқанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, оқушылардың жаңа еңбек түрлері мен мазмұны бойынша таныстырулар жасап, олардың қарапайым еңбек тәсілдеріне үйрете, өзбетімен болашақ мамандықтарын саналы таңдауға мүмкіндік беруге бағытталған.

Автор:
Шырын Жанабаева, Көркем еңбек пәнінің мұғалімі МДШО №26 мектеп КММ Еркін ауылдық округі, Талдықорған қаласы