Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕЛОРДАДА - АБУ ДАБИ ПЛАЗА СО ЕКПЕ ЕГУДІҢ ТАҒЫ ДА БІР БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ


22 апреля 2021, 05:36 | 1 363 просмотра



22 сәуірден бастап Абу Даби Плаза СО  COVID-19-ға қарсы екпе салу басталады. Күн сайын Абу Даби Плаза СО екінші қабатында арнайы қайта жабдықталған фудкорт аймағында «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін алуға болады.

Aldar EuroAsia Property Management  атқарушы директоры Хокан Нильсен: "Бір жылдан аса әлем COVID-19 пандемиясымен қаусырып алынған, және қазір қазақстандықтарда өздерін және жақындарын осы аурудан сақтайтын мүмкіндіктер туындады – бұл  коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алу. Біз COVID-19-ға қарсы күресте өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз және вакцинаны неғұрлым көп адамдар алу мүмкіндігіне жайлы жағдайлар жасауға ат салысамыз. Егер де біз бірігіп - жеткілікті адамдар санына екпе жасасақ, онда көрінбейтін, бірақ маңызды тосқауыл қойып, вирустың таралу тізбегін үзетіндей жағдай жасаймыз. Елордада екпе салу бекеттерінің санын ұлғайта отырып, біз мемлекетке жұмыс процестерін бұрынғы қалпына тезірек қайтаруға, ал қазақстандықтарға – өмірдің үйреншікті қалпына келуіне көмектесуге ниеттіміз. Біздің Абу Даби Плаза сауда орталығында сіз мамандардан алдын–ала жасалатын медициналық тексеруден өтіп, бірнеше минут ішінде екпе ала аласыз, мамандар вакцинация бекетінде орналасады. Сонымен бірге біз сауда орталығының жұмыс уақытын ұлғайттық және есігімізді таңғы сағат 8-ден ашып, вакцина алуға ниетті адамдардың жұмыс күнінің басталуына дейін екпе алуларына мүмкіндіктер жасадық", – деген түсінік берді. 

Жұмыс уақыты: күнделікті сағат таңғы 08.00-ден  22.00-ге дейін.

Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігін алып келу керек. Вакцинация процедурасы бар кезек ретімен өтетін болады.

Соңғы деректер бойынша бірінші компонентін 40 мыңнан аса, ал екіншісін – 8 мыңнан аса қала тұрғындары алған.

Автор:
Aldar Properties PJSC баспасөз қызметі