Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Латыннегізді қазақ әліпбиі – заман талабы


23 апреля 2021, 04:56 | 1 921 просмотр



Бүгінгі таңда латын әліпбиі өте кең таралған әліпби болып табылады. Ғаламтор дереккөзіне сүйенсек, әлем халықтарының 40 пайызы латын әліпбиін пайдаланады екен. Атап айтсақ, Америка, Аустралия, Африка, Батыс Еуропа, сондай-ақ, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Индонезия, Малайзия, Филиппин және Вьетнам сияқты ірі елдер осы жазу түрін қолданады. Ағылшын, испан, индонезия, португал, неміс, француз, италья және кейбір түркі тілдері өз жазуын осы латын қарпінде таңбалайтындығы белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ жазуын латын графикасына негізделген әліпбиге көшіруіміздің ең басты қажеттілігі уақыт талабы екендігін баса айтпақпыз. Атап айтқанда

Біріншіден, латын графикасына негізделген әліпби арқылы қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке тиімді түрде енуіне жол ашылмақ.

Екіншіден, қазақ тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтауға, тілдің иммундық тетіктерін жаңғыртуға, қайта іске қосуға, бір сөзбен айтқанда, ұлттың рухани жаңғыруына жағдай жасайды.

Үшіншіден, Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік туғызады.

Мамандар әліпбиді латын графикасына ауыстырудың бұдан өзге де экономикалық, ІТ технология жағынан және т.б. тиімділігін санамалап көрсетіп жүр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылыми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты», -деп Қазақ елі үшін латын қаріпіне көшудің маңызын көрсеткен еді.

Қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген әліпбиге көшіруде байқауымызша әр маманның өзіндік мүддесі бар. Біз оларды үш топқа бөліп танимыз:

- қазақ тілін халықаралық тіл ағылшын тіліне жақындастыруды басшылыққа ұстанатын көзқарастағылар;

- осы сәтті пайдаланып Қазақстанның экономикалық шығынын миллиардтаған сомаға үнемдеуді көздейтін топтар;

- тіл экологиясын сақтауға жан ауыртатындыр.

Қай жағынан алсақ та латыннегізіді қазақ әліпбиіне көшу заман талабы. Мейілі, тілдің мүддесі болсын, экономикалық шығын үнемділігі болсын латыннегізді қазақ әліпбиіне тосырқай қараудың ешқандай қажеті жоқ. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өркениетті елдердің көпшілігі осы латын негізді әліпбиді қолданады.

Автор:
Қайдар Жағпар, Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, Ақсу ауданы