Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысы бойынша «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтуде


23 апреля 2021, 05:01 | 877 просмотров



19-23 сәуір күндері аралығында Алматы облысындағы «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымынң жиналыстары өтуде. Өңірде 86 866 партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған 316 бастауыш партия ұйымы бар, оның құрамын 2555 партиялық топ кіреді.
Соның бірі, Қарасай ауданындағы «Шамалған» бастауыш партия ұйымы. Құрамында 692 партия мүшесі бар. Бастауыш ұйым 2 жыл көлемінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, БПҰ-ның төрағасымен орынбасарын сайлап, аудандық конференция құрамына делегаттарды анықтауда.
Нақтырақ айтсақ, БПҰ-ның күн тәртібінде:
1. Бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы есебі.
2. Бастауыш партия ұйымының төрағасын, БПҰ-ның Бюро мүшелерін сайлау.
3. «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXXI есеп беру-сайлау конференциясына делегат сайлау.

Бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы «Шамалған» бастауыш партия ұйымының төрағасы Тоқтасынов Ержас Серғазыұлы баяндап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес Шамалған бастауыш партия ұйымының Бюро мүшелерін, одан әрі төрағасымен орынбасары сайланды.
Үшінші мәселе Қарасай аудандық партия филиалының XXХІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау. Қарасай аудандық партия филиалының квотасы бойынша аталған БПҰ-нан 10 делегат сайланды. Делегаттар өкілеттілігі аудандық партия филиалының Саяси Кеңес Бюро отырысында қаралып, шешім қабылданады.

БПҰ-ның жиындары аяқталған соң, 26-30 сәуір аралығында 20 аудан-қалалық партия филиалдарының есеп-беру сайлау конференциялары жоспарланған. Одан кейін, 13 мамыр күні облыстық партия филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтеді.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі