Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған гарнизонында COVID-19 қарсы екпе егу басталды


23 апреля 2021, 05:04 | 696 просмотров



Қарулы Күштерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Бұл барлық жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу іс-шараларын толық өткізуге, жауынгерлік әзірліктің жай-күйін қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

 Алайда, Қорғаныс министірлігі нұсқауларының негізінде, әскери ұжымдар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жаппай вакцинациялау басталды.

Осыған орай, Талдықорған гарнизонына қарасты әскери бөлімнің жеке құрамына жылжымалы екпе пункті арқылы Ресейлік «Спутник V» вакцинасы  салынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес COVID-19 таралуын тоқтату, сондай-ақ ұжымдық имунитетті қалыптасыру үшін жалпы жеке құрам санының 65-70% - ына екпе алу қажет.

Алғашқылардың бірі болып, вакцина алуға кірген бөлім командирі полковник Қайрат Мырзағалиев.

- Менің ойымша, мұндай іс-шаралар қауіпті індеттің алдын алуға ерекше серпін береді. Мен өзімді ғана емес, жақындарымды ойлап екпе алып отырмын. Әскери бөлімнің командирі  болғандықтан, жеке құраммен тығыз байланыстамын. Сондықтан, вакцина аламын деп шештім, - дейді Қайрат Мырзағалиев.

Айта кетсек, азаматтық персоналды вакцинациялау қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдан шығудың жалғыз құралы.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі