Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери қызметшілер бақылау тексерісін тапcырды


23 апреля 2021, 05:09 | 711 просмотров



Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау тексерісі өтті.

Әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық даярлық, атыс, тактикалық, арнайы, дене шынықтыру, жауынгерлік машиналарды жүргізу және әскери топография бойынша емтихандар тапсырды. Тексеру жұмыстары бөлімдердің тұрақты орналасу пункттерінде және оқу полигонында жүргізілді.   

-Тексеріс жүргізу кезінде біз оқығандарымызды іс жүзінде көрсеттік, және де жақсы тапсыру үшін бар күш-жігерімізді салдық. Нәтижесі бойынша «өте жақсы» деген баға алдық, - деді аға көздеуші қатардағы жауынгер Бекзод Ахролов.

Бақылау тексерісі барысында қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі тексерілді.

Автор:
Г. Джайдакбаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің сержанты, 2 сынып сержанты