23 апреля 2021, 05:18 | 782 просмотра
20 сәуір күні Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде комиссия мүшелері келесі мәселелерді қарады:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндап өтті.
Екінші, үшінші, төртінші, бесінші мәселелер бойынша депутаттар шешімдерге ұсынылып отырған өзгерістерді сессия қарауына енгізді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық тексеру коммисиясының төрағасы Мейрам Мирзанұлы Мусаев облыстық тексеру комиссиясының ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен айқындалған қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыруы, 2019-2021 жылдар аралығында атқарған қызметі және құзыретті органдар тарапынан айқындалған кемшіліктерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті.
Мейрам Мусаев өз сөзінде, басшылық ететін мекемесі тарапынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңымен айқындалған өкілеттіліктер шегінде 2019-2020 жылдар аралығында 64 тиімділікке, 34 сәйкестікке аудиторлық іс-шара жүргізіп 776 мемлекеттік аудит объектісін аудитпен қамтылғанын атап өтіп, іс-шаралардың қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне 376 тапсырмалар мен ұсынымдар жолданғанын хабарлады.
Комиссия отырысында халық қалаулылары тарапынан қаралған сұрақтар бойынша қаулы қабылданып, мәселелер бойынша жергілікті атқарушы өкілдеріне ұсыныс берілді.