Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясының отырысы өтті


23 апреля 2021, 05:25 | 999 просмотров



20 сәуір күні Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясының отырысы өтті.

Сессия отырысына облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаев және облыстық мәслихат депутаттарымен басқарма басшылары қатысып, жиынды облыстық мәслихат депутаты Г.Тойлыбаева төрағалық етті, – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Халық қалаулылары күн тәртібінде төмендегі мәселелерді қарады:

  1. Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық   бюджеті туралы"  №64-339 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.    
  2. «Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің жерінде дене шынықтыру – сауыктыру кешенінің құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі №49-249 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. «Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы мектепке дейінгі білім беру қызметін көрсету үшін – жеке меншік нысан – балабақшаны жөндеу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 7 қарашадағы №36-194 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. «2018 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі №30-161 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. «Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейн құрылысы және пайдалануы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2019 жылғы 25 ақпандағы №43-226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен айқындалған қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыруы, 2019-2021 жылдар аралығында атқарған қызметі және құзыретті органдар тарапынан айқындалған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстары туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған  облыстық   бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндама жасау үшін сөз облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Әмірханов Жомарт Амангелдіұлына баяндамасы тыңдалады.

Күн тәртібіндегі екінші, үшінші, төртінші, бесінші мәселелер бойынша ұсынылып отырған өзгерістер енгізу қаралып, бірауыздан бекітілді.

Алтыншы мәселе бойынша Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұсаев Мейрам Мирзанұлының есебі тыңдалады.

Соңғы мәселе бойынша облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Сүлейменов Асқар Фазылұлы қосымша баяндап өтті.  Асқар Фазылұлы өз сөзінде облыстық тексеру комиссиясының тексерушілері тарапынан заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде, біріншіден тексеру объектісіне шығар алдында тексеру комиссиясының жауапты мүшесі онлайн түрінде облыстық,  аудандық, қалалық депутаттардан және облыстық, аудандық, қалалық қоғамдық кеңестер мүшелерінен  құрылатын жұмыс топтарының алдында аудит тобының құрамы, аудиторлық іс-шараның мақсаттары мен міндеттері туралы есеп беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тексеру комиссиясының жауапты қызметкерінің тексеру объетісіндегі атқарған қызметіне үзіліссіз видео, аудио тіркеу жүргізіліп, оны интернет арқылы кез келген азамат көріп отыру мүмкіндігіне ие болу керектігі және үшіншіден, әр тексерудің нәтижелері мен анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін атқарылатын шаралар  туралы тексеру жұмыстарына жетекшілік еткен тексеру комиссиясының мүшесі мен аудит шараларын жүзеге асырған аудиторлар, сол сияқты тексеру жүргізілген объектілерінің басшылары мен бас бухгалтерлері арнайы өткізілетін онлайн отырыстар барысында депутаттар алдында есеп беріп, отырыстың бейнежазбасы мен хаттамасы облыстық мәслихаттың және тексеру комиссияның ресми сайтында орналастырылу керектігін атап өтті.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралып тиісті шешімдер қабылданады.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі