Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқушылар дарынын дамытудағы домбыраның ролі


23 апреля 2021, 06:00 | 1 122 просмотра


Дарынды балалармен жұмыс мәселесі қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі. Дарындылық – адамның өз бейімділігі немесе шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Елбасының «Дарынды балалар – Қазақстанның дамуын қарқындататын буын», - деп атап өткедей балаларымыздың бойындағы жеке қасиеттерді танып біліп, шығармашылық қабілеттерін ашып, өнерлерін шыңдай түсу мақсатында Музыка мектебінде домбыра  сабағы жұмыс жасайды. Оқушының  моралдық және бала бойындағы қабілеттің шыңдалуына барлық жағдай жасалған. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі, кәсіби шеберлігі, ата – анасымен тығыз байланысының нәтижесінде ғана жетістікке жетері хақ.

Домбыраның айтар сыры да тарих беттерiнен ойып тұрып орын алғаны, аспаптың қасиетiн ұққан бiздерге, келер ұрпаққа да, қасиеттi домбыра  үнiнiң сан қырлы, келешектегi ата-бабалардың қалдырған өсиетiнiң бiрi десе де болады. Сондықтан да болар, ән жұтамай, жан жұтамайды дегендей, күй- дастанды осы аспап арқылы асыл арманы өнердiң өрiсiнен кең орын алып, биiктеп көрiнiп жүргенi, Тәуелсiздiгiмiздiң көрiнiсi болғаны заңды талап өнерпаздарымыздың үзiлмес өнегесi.

Қара қылды қақ жарған домбыраның да алар жолы, таудай талабы мен шабыттың шыңының жетелейтiнде осы домбыра. Өнерге ұмтылмай өрге баспасы аңық, талаптының адам бойындағы асыл қасиеттердiң көзiн ашуы да осыған байланысты, жан дүниең рухани бай болса ғана, елiңнiң мәдениеттi, бiлiмдi өнерлi азаматы бола алатының анық.

Оқушыларды  домбыраның  құдіретті  күшімен  таныстыруда  атақты  күйшілердің  өнері  мен  өмірін  таныстырудың да  маңызы  ерекше.  Бұл  орайда  оқушыларыма  сабақта  және   сабақтан  тыс  мезгілдер де  күй  атасы  Құрманғазының,  оның  шәкірті  Дина  әжеміздің,  қазақтың  ұлттық  аспаптар  оркестрін  алғаш  ұйымдастырушы  Ахмет  Жұбановтың  шығармашылықтарынан  мағлұматтар  беру  орынды  деп  есептейміз.

«Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады» - деген қазақта сөз бар. «Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын  ұғуға болады.

Автор:
Хайрниса Базарбаева, Гүлнар Зауатбекова, Н.Тлендиев атындағы музыка мектебінің мұғалімдері