Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарбаздар құрамы толықты


27 апреля 2021, 08:02 | 835 просмотров



Талдықорған гарнизонында орналасқан десанттық-шабуылдау бригадасына Отан алдындағы борышын атқару үшін Алматы, Тараз, Түркістан, Қарағанды қалаларынан 160-қа жуық жас сарбаз келді.

Бөлімнің әкімшілік құрамы әр сарбазбен жекеленген түрде сұхбат жүргізіп, олар туралы толықтай мәліметпен танысатын болады. Сарбаздардың кәсіби мамандықтарына, білімдеріне, икемділігі мен мінездемелеріне, һәм психологиялых деңгейіне баса назар аударылады. Мұндау жұмыстар жас сарбаздың кай бағыттағы батальонында қызмет ететінін анықтау үшін қажет.   

Бір ай уақыт ішінде болашақ десантшылар жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құқықтық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша өздерінің әскери кәсіптерін нығайтады. Жас сарбаздар өздеріне қолданысқа берілетін әскери техникалармен, қару-жарақ және басқа да әскери құралдармен танысып, оларды дұрыс қолдану тәсілін үйренеді.

- Десантшы болу менің бала кездегі арманым еді. Арманыма ақырындап қадам басудамын. Осы жердегі білікті командирлер бізге бөлімнің тарихын, жеткен жетістіктері туралы айтып, біліктіліктерімен бөлісуде. Ендігі мақсат аман-есен әскери борышты өтеп, Отан алдында абыройлы болып, нағыз десантшы атану, - дейді Атырау қаласынан келген жас сарбаз Ғәділ Рахат.

Айта кетейік, ант қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 25-ші мамырына жоспарланып отыр.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі