Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери бөлім жас сарбаздармен толықты


28 апреля 2021, 07:47 | 1 158 просмотров



Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдері көктем айындағы әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен толықты.

Қазақстанның әр аймақтарынан келген 450-ге жуық бозбала Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімідерінде Отан алдындағы әскери борыштарын атқаруда. Оларға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретуде. Жас сарбаздар бір айлық курста саптық дайындықты, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады.  

Қазіргі уақытта жас сарбаздар, жауынгерлік дайындықтың жоспары бойынша саптық, тактикалық, атыс, денешынықтыру, медициналық  дайындық сабақтарын оқуда.

- Әскерге өз қалауыммен келдім. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін. Әскери бөлімде барлық жағдайлар қарастырылған, жаңа жауынгерлік достар таптым, - дейді сарбаз Елмұрат Бекболат.

Жас сарбаздардың жауынгерлік әзірлігі аяқталған соң, алдағы күнде болатын ант қабылдау рәсіміне дайындықтарын жалғастыратын болады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор