Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘЖІРИБЕ АЛМАССАМ ДЕП ЕДІМ...


28 апреля 2021, 08:52 | 323 просмотра



Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын кеңейту және оларды шығармашылық іс-әрекетке баулу, сонымен қатар өз бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіру маңызды.

 «Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.

Сабақты жоспарлауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

Осы курстың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін пәндік-тілдік интеграциялап оқыту әдісін (CLIL) қолданған жөн. CLIL әдістемесі бойынша жүргізілетін сабақ өз алдына келесі компоненттерден тұрады:

Content (мазмұны) – алға қарай дамып отыратын пәндік сала бойынша біліктілік, іскерлік, дағды.

Cognition (ойлау қабілеттері) – жалпы көзқарасты қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттерінің дамуы.

Communication (әңгімелесу, араласу) – оқу барысында ағылшын тілін пайдалану, бұл жағдайда оның қолданылуына назар басымдырақ болады.

Culture (мәдени біліктері) – өзін мәдениеттің бір бөлігі етіп сезіну, ал басқаша жағдайда баламалы мәдениеттің бар екенін ұғыну.

Мақсаты:

  • Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • Үштілді білім беру бағдарламасы негізінде үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтеріліп Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеу, ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастыратын сапалы білім мен тәрбие беру.

Міндеті:

  • Бүгінгі заман талабына сай оқушыларды өз тілімен қатар, өзге тілді меңгеріп, игеруге баулу;
  • Оқушыларға ағылшын тілімен толық мәлімет бере отырып сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру;
  • Тілді үйрету арқылы сол тілде өз ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;

Оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

  • Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы, оқушылардың эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамыту, ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз тілін құрметтеуге үйренеді;
  • Шетел тілінде сөйлеу қабілеттері қалыптасады;
  • Өз білімін жетілдіреді;
  • Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады;
  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлері мен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
Автор:
Іңкәр Ахметова, биология пәнінің мұғалімі, Қарабұлақ орта мектебі, Алакөл ауданы, Алматы облысы