Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жерімнің бар киесі


29 апреля 2021, 06:21 | 1 043 просмотра


Тұңғыш призидентіміз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Өз сөзінде «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени – географиялық белдеуі – неше ғасыр өтседе, бізді кез келген рухани жұтамықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», - дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді.

Қазақстан – «Менделеев кестесінің» бүкіл элементі бар ел. Ал қасиетті мекендер қаншама... Отанымыздың әр жері – киелі, тау тасына дейін тарих. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасау көзделген. Осы орайда, президент: «патриотизм кіндік қаным тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын,- деген болатын. Қазақстанда көптеген киелі мекен бар. Расымен де, сол мекендер картасын жасап шығару – ауқымды да кейінгі ұрпақ үшін де аса керекті дүние. Себебі, бұл бастама Қазақстандағы киелі мекендердің нақты санын анықтап қана қоймай, сонымен қатар туризм саласын дамытуға да септігін тигізері анық. Әр ауданда кем дегенде 4-5 қасиетті мекен бар. Олардың түпнегізі сонау есте жоқ, ерте заманнан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасқан. Кейбір деректерге сүйенсек, Бір Алматы обылысының өзінде 2343 – ке тарта түрлі сипаттағы орындар бар екен. Оның ішінде ең танымалы – Есік қорғаннан табылған «Алтын адам» ескерткіші. Ал түркістан туралы сөз бөлек. Мәселен, қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмед Яссауи, Ибрахим ата, қарашаш ана кесенелері, т.б. Сонымен қоса, өлкеде ішсең шипа болар емдік қасиеті бар сулар да бар. Түркістан – дін мен ғылым-білімнің ошағы. Ел арасында әр кесененің тек өзіне ғана тән қызықты оқиғасы мен аңыз - әбсанасы бар. Ана юолуды армандаған талай жанның ниет – тілегі қабыл боп,  сәулет өнерінің сан түрлі үлгісін тамашалауға мүмкіндік беретін Түркістан – көбінің ауыруынан айығып, өмірге деген көзқарасын өзгертуге сеп болған шаһар. Ол қаладағы - әр тас, әр тау қасиетті.

Алматыда орналасқан Райымбек ата кесенесі де – киелі мекенннің бірі. Қаланың қақ ортасында, «тоғыз жолдың торабындағы» даңқты батыр бабамыздың кесенесі талай жылдар бойы тарихшылар мен ғалымдардың зерттеу нысанына айналған. Әр өңір ұрпақтары қасиетті, киелі мекендердің түп тарихына үңіле отырып, өткенін түгендеп, болашаққа нық қадам жасай алады. Соған себепкер болған киелі жерлердің айбынын асқақтата білсек ел болашағы жарқын сәттерге толы болмақ.

Тек жақсылар қашан да ергеніміз,

Аларымнан көп болсын бермегіміз.

Ел тарихын шынайы айқындайтын,

Асқақ болсын,- «киелі жерлеріміз»!.

Автор:
Әсем Асқарқызы, Қызылағаш ауьдық мәдениет үйінің директоры, Ақсу ауданы, Алматы облысы