Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ


4 марта 2011, 07:49 | 3 624 просмотра



Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып, А. Педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы техноло-гияның ғылыми негіздері үйретіледі: 1.Мәні, құрылымы айқындалады 2.Педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі. 3.Педагогикалық технология теориясының негіздері ашық көрсетіледі

Ә.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі факторлары болып мыналар табылады:

1.Оқушылардың өзмүмкіндігін сезінуі. 2.Оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі. 3.Оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы. 4.Мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы.

5.Мұғалім тарапынан қойылатын талап пен бала қабілетінің сәйкес келуі.

Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кең-

ейтіп балалардың шығармашылық әрекетіне негіз қалайды.

Қазіргі таңда қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты технологияларды ұтымды қолданып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отырамыз. Құрылымдық-логикалық технология: Оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.

Интеграциялық технология: Оқу тақырыптары, оқу проблемалары және басқа да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.

Ойын технологиясы: Оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Тренинг технологиясы: Белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны интеллектуалды дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.

Ақпараттық – компьютерлік технология: ЭЕМ-дер мен олардың желілері, әсіресе дербес компьютерлер арқылы ақпаратты алуды, қайта жасауды, жеткізуді, сақтауды және пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Проблемалық оқыту технологиясы: Оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқу проблемаларын және жағдаяттарын шешуге бағытталған дидактикалық жүйелер.

Диалогтық технология: Мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеттерінде диалогтық ойлау негізге алынатын ұйымдастыру формасы мен оқыту әдісі.

Оқушыларға өмірлік дағдыларды меңгерту барысында үнемі балалардың өміріне қатысты, қоршаған ортаға байланыс-

ты әрқилы жағдаяттарды шығармашылықпен қойып, балаларға өз бетімен шешуге ұсынуы, олардың тәуелсіз шешім қабылдауларына, өз ойларын ашық жеткізуіне, ұсыныс-пікірлерін ортаға еркін салуына жағдай туғызып отырамын.

Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда, яғни шығармашылық тапсырмаларды іріктеуде қойылатын

Б. Әдістемелік талаптар:

1.Шығармашылық тапсырмалар мазмұны пән бағдарламасында белгіленген оқу материалынан асып кетпеуі керек

2.Шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін пән бағдарламасында көрсетілмеген ұғымдар мен заңдылықтардың қажет болмауы шарт

3. Шығармашылық тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта, яғни оқушының ой-өрісін, қиялын . дамытатындай, соған байланысыты іс-әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыруды көздеуі қажет

4.Шығармашылық тапсырмаларды құрас-

тыруда оқушының дара ерекшелігін, әдебиетке құштарлығын еспке алу қажет.

5. Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оқушының білімін тереңдетуге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс

Көрсетілген талаптармен қатар қазақ тілі сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулуда мынадай басты ұстанымдар басшылыққа алынады.

1.Ғылымилық ұстанымы

-шығармашылық жұмыстар арқылы әдебиет теориясының негізгі ұғымдарын меңгертуді;

-шығармашылық жұмыстарды орындауда оқытудың жаңа технологиясын қолдануды;

-заттар мен құбылыстардың сыртқы көріністерін байқаудан әрі қарай олардың өзара себептік – салдарлық байланыстарын білім алуға көшіп отыруды талап етеді.

2.Жұйелілік ұстанымы

-мәтін бойынша ұйымдастыр-

ылатын шығармашылық жұмыстардың соңғысы алғашқыларына қарағанда күрделірек болуын талап етеді; —

-шығармашылық әрекет мәтінді толық ұғынғанда тиімді нәтиже беретінін көрсетеді.

3.Мәтінмен жасалатын бағдарлы жұмыс ұстанымы.

Бұл ұстаным бойынша мәтінмен , көркем шығармамен жұмыс істей алу дағдысы, әдебиет теориясынан белгілі бір білім қоры болуы тиіс. Шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады.

Сонымен бірге бұл педагогикалық технологиялар философиялық, психологиялық және адамгершілік тұрғыдан гуманистік сипатқа ие болады, оқушылардың адамгершілік және интеллектуалдық жағынан дамуын, өз бетімен әрекет етуін, қарым-қатынас жасау қабілетінің артуын қамтамасыз етеді.

Туған жылы: 1956

Білімі: Жоғары. ТКПИ. 2007ж

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Еңбек өтілі: 25 жыл.

Санаты: Жоғары

Автор:
Н.Т.ҚАНАПИЯНОВА, № 4 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Талдықорған қаласы