Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Озық тәжірибе - педагог шеберлігінің айқын үлгісі


6 мая 2021, 07:28 | 1 428 просмотров



2021 жылдың сәуір айының 27-ші жұлдызында  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жетекшілігімен педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау озық тәжірибені тарату мақсатында педагог шеберлерінің ашық сабақтары ұйымдастырылды.

 М.Райымбекұлының «Көшбасшы» тақырыбында ұйымдастырылған Жаркент жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің педагогі Ақмарал Мамбетқазықызы Нурбекова  «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенттерімен   ұйымдастырған ашық сабағын ұсынды. Ашық сабақ барысында педагог  «Әдеби шығармадағы   көтерілген  мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу» максатын көздеген тәлімгер ұстаз қашықтықтан білім берудің  тиімді әдіс-тәсілдерін және  «Jamboard» тақтасын, «Wordwall» интерактивті қосымшасын, презентация мен бейнероликті тиімді деңгейде пайдаланып, сабақ мәліметтерін студенттердің өздігінен игеруіне мүмкіндік берді. «Ой жүйрік», «IDEA» әдіс- тәсілдері студенттердің ізденіс пен шығармашылыққа бағыттай білудің  оңтайлы кезеңі болды. Поэманы ауызша талдай келіп, «Мәңгілік ел» тарауын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен астастырып, тәңірден берілген тәтті сыйдың құдіретін ұғындыра білді.

Сабақ барысында педагог  блум таксономиясының қолдану мен талдауды, жинақтау мен бағалауды  негізге алып, бағалау критерийлерін ұтымды ұйымдастыра білді. Соңында білім алушылар оқытушыға кері байланыс беріп, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды әлемдік тақырыптармен астастыра анықтады. Ал әріптестер тарапынан берілген кері байланыс оқытушының алдағы тәжірибесіне жаңаша серпіліс берді.

Педагогтың басты қаруы-сапалы сабақ десек. Сабаққа қатысқан әріптестер құнды пікірлер білдіріп,сабақтың тиімді деңгейде өткенін тілге тиек етті.

Автор:
Меруерт Балтабаева, Талдықорған агро-техникалық колледжінің әдіскері