Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарыөзекте азаматтарды көктемгі әскер қатарына шығарып салды


11 мая 2021, 07:03 | 204 просмотра



Сарыөзек ауылында орналасқан Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери есепке тіркеу мен көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жалғасуда.

Кербұлақ аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы подполковник Болат Омаров бозбалаларды әскер қатарына шығарып салу іс-шарасын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырып, оған Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Ауған соғысының ардагері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев және Кебұлақ ауданы әкімінің орынбасары – шақыру комиссиясының төрағасы Ермек Досалбаев қатысты.

Олар әскер қатарына шақырылған азаматтармен сұхбат жүргізіп, «Отанға адалдықпен, патриоттық сезіммен қарау ер адамның міндеті – Отан алдындағы борышы», – деп бозбалаларға лебіздерін білдіріп, сәт-сапар тіледі.

Әскерге шақырылғандардың ата-аналарымен жүздескен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Болат Омаров азаматтарды көктемгі әскерге шақырудың негізгі міндеттері мен талаптары, тәртібі туралы түсіндіріп, олармен ашық сұхбаттар жүргізді.

Шара барысында тақтаға экран орнатылып, Отан қорғаушы балаларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жетістіктері туралы бейнефильмдері көрсетілді.

Әскерге шақыру науқанын жүргізу комиссиясы әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырды. Атап айтқанда алған білімін, мамандығын ескеріп, отбасы жағдайын саралап, денсаулық жағдайы мен әскери қызметке жарамдылығын тексерді. Сондай-ақ, дене даярлығының деңгейіне де мән берілді.

-Мен әскер қатарына өз еркіммен шақырылдым. Отан алдындағы борышын өтеу, әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін, - деді әскер қатарына шақырылушы Өркен Иембергенов.

Ата-аналар Отан қорғаушы ұлдарына өз лебіздерін білдіріп, сәт-сапар тіледі.

Бозбалаларды әскер қатарына шығарып салу іс-шарасы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор