Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқу мақсаттарына байланысты тапсырмаларды іріктеу


11 мая 2021, 10:08 | 1 623 просмотра



Еліміздің болашағы жастар десек,жастардың болашағы оларды саналы  тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін, тәжірбиесін үйрететін ұстаздар қауымына байланысты болмақ. Осы тұста В.Г.Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр»- деген сөзі еріксіз еске түседі.

  Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы екені мәлім. Ал, мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдынала жоспарланған нәтиже. Ендеше, оқу мақсаттарына байланысты тапсырмалардың дұрыс іріктелуі білім алушының сапалы білім алуына кепіл бола алады.

Оқу бағдарламасы – пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзырет көлемін анықтайтын бағдарлама.

Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.

Демек,біз оқу мақсаттарына байланысты тапсырмаларды өз білім алушыларымыздың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеп алып құрастыруымыз қажет.

Ол үшін:

  • Оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін құрастыру;
  •  Тапсырмаларға сай дескрипторлар құрастыру;
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырманы ескеру;
  • Оқу материалының жеткілікті көлемі қамтылуы тиіс;
  • Шығармашылық сипатта болуы керек;
  • Оқушыға түсінікті және қызықты болуы тиіс;

Тапсырма – бұл бағалау құралы.Тапсырманың орындалу деңгейіне қарай оқушының білімі бағаланады.Оқушы білімі оқу бағдарламасына сәйкес болу үшін, біздің беретін тапсырмамыз сол күнгі сабақта қарастырылатын оқу мақсаттарына қол жеткізетіндей сәйкес болуы керек.

Оқу мақсаттарына байланысты тапсырмаларды іріктеуде басты назарды оқу мақсатының етістігіне аудару керек.

 Мысал келтіре кетсек: 3 сыныптың қазақ тілі  пәні «Атақты тұлғалар» бөлімі бойынша төмендегі оқу мақсатын алайық.

Оқу мақсаты: 3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Бағалау критерийі: - болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтайды

 Тапсырма: Өтеді, болды, сыймады, күтпейді, сөйле, жаз,  барма, көрме, берілген сөздерден болымды және болымсыз етістіктердің  айырмашылығын анықтаңыз.

Болымды етістік: өтеді, болды, сөйле, жаз.

Болымсыз етістік: сыймады, күтпейді, көрме, барма.

Дескиртор:

-Болымды етістікті анықтайды

-Болымсыз етістікті анықтайды.

Қорытынды шығару: Етістік болымды(өтеді, болды, сөйле, жаз) және болымсыз (сыймады, күтпейді, барма, көрме) болып бөлінеді.Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;

Бағалау критерийі: - Электр энергиясы көздерін анықтайды

Тапсырма: Компьютер, қысқа толқынды пеш, фен, теледидар,сағат, ойыншық, телефон, бұл құралдардың жұмыс істеуі үшін не қажет? (Электр тогы немесе батарея). Берілген электр құралдарының  қуатты алатын көзіне байланысты жіктеп, жазып шығыңыз

Электр тогы (розеткаға қосылады): компьютер, қысқа толқынды пеш, фен, теледидар;

Батарея (аккумулятор): сағат,ойыншық, телефон;

Дескиртор:

-жұмыс істеуі үшін электр тогы қажет құралдарды анықтайды.

-жұмыс істеу үшін батарея қажет құралдарды анықтайды.

Оқу мақсаттарына байланысты тапсырмаларды іріктеуге  тағы бір мысал ретінде: 1 сауат ашу  пәні «Менің мектебім» бөлімі бойынша төмендегі оқу мақсатын алайық.

Оқу мақсаты: 1.1.9.1  Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз,жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Бағалау критерийі: Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)ажыратады,дұрыс дыбыстауды түсінеді;

Тапсырма:  Ұя, күн, жаңбыр, аққала сөздеріндегі дыбыс түрлерін ажыратып, жуан, жіңішке дыбыстарды көрсет.

Дескриптор:

  • Жуан дыбыстарды дұрыс көрсетеді;
  • Жіңішке дыбыстарды дұрыс көрсетеді;

Қорыта келгенде, сабақты жоспарлау барысында оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды оқу мақсатына сай нақты, жүйелі, қолжетімді етіп құрастырылуы, оқушының   орындауына тиімді болары сөзсіз.Тапсырмада оқушының оқу мақсатын игеруін қамтамасыз етуі керек.Мақсатқа жету үшін сабақта 2-3 тапсырмаларды іріктеп  беруге болады.

Автор:
Асель Кенесбекова, бастауш сынып мұғалімі, №26 орта мектеп КММ, Алматы облысы