Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Біз - Отан үшін от кешкен батырлар ұрпағымыз!


12 мая 2021, 10:21 | 293 просмотра



Менің атам Сейдахмет Абдрашұлы, Ұлы Отан соғысына басынан бастап соңына дейін соғысып, келешек ұрпақ үшін жан тапсырған.

Атам Сейдахмет,соғыс басталғанда,Новосибирск қаласындағы Әскери училишесінде жасы жиырмада болсада офицер атағына ие болған. 1941 жылы маусым айының 22 жұлдызында атам еліміздің қайратты ерлерінің қатарына қосылып жауға қарсы атанды. Қарулы күштер құрамаларының шабуылдау топтарының «Пехота штурмовики» құрамында болды. Соғыс барысында «майор» атағына ие болған атам, сонау Польша жеріне аяқ басқан. Бауыры Қожабас, латын әріптерімен жазылған қазақ тіліндегі хаттарды,ақшалы көмегімен қоса 1945 жылдын 8 сәуірде алған еді. Бұл Сейдахмет Абдрашұлының бауырына жіберген соңғы хат. Өкінішке орай, сол жылдың 18 сәуірінде атамды жалған оқ о дүниеге атандырды. Батыл атамыздың мәйіті Польша елінің Граево қаласында жерленген.

Автор:
Алинур Боранхулов, Талдықорған қаласы НЗМ, 3 «А» сынып оқушысы