Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жеңіс құрметіне әскери қызметшілер он шақырымға жүгірді


12 мая 2021, 11:24 | 1 777 просмотров



Сарыөзек гарнизонының 12740 әскери бөлімі, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жыл толуына орай 10 шақырымға жүгірді.

Қазақстан Республикасының және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің туын ұстаған бөлімнің жеке құрамы саптық алаңда спорттық киіммен сап түзеді.

Бөлім командирі подполковник Ержан Ембергенов әскери қызметшілерге шараның мақсатын түсіндіре келе, жеке құрамды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, он шақырымға жүгіруді орындады.

- Батыр ата-бабаларымыздың жасаған ерліктері, халқына сіңірген еңбектері, қайсарлық пен жігерліктері ұрпақтарына мәңгі үлгі болып қала береді. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде ең басты мақсат дені сау, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, бойындағы ізгі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу, - деді бөлім командирі подполковник Ержан Ембергенов.

Шараның мақсаты – Отанды қорғау, батыр бабаларымыздың ерліктерін ұстану және өнеге тұту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау болды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор