Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа технологияның тиімділігі


4 марта 2011, 07:38 | 2 938 просмотров


Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең ойшыл, ең сынампаз бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің Отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адамдық, адалдық, тазалық, гуманизм, Отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеуінен танылады.

Н.Ә.Назарбаев

Мұғалімге жүктелер міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Сабақты бүкіл сынып қызығатындай етіп, бастауға зор мән берілуі керек.Сондықтан оқушылар «Бүгін сабақ қалай болар екен? Мұғалім не айтар екен?», – деп отыруы тиіс. Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Мұғалім сабақты қазіргі талапқа сай жаңа әдіс – тәсілдермен қызықты, тартымды өткізу үшін жан-жақты ізденіп, көп оқуы керек, қажымай-талмай, ерінбей еңбек етуге тиіс. Сабақ жүйелі болуы керек.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамыту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс- әрекеттің қар-қындылығы мен белсенділігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеялар және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағыттал-ған. Олар: проблемалық оқыту технологиялары, коммуникативті технологиялар, дамыта оқыту технологиялары, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Осылардың ішінде кейінгі жылдары сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясына тоқталайық. Сыни ойлау, бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал,өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол-белсенді, тұжырымдалған күрделі шын ойды айтатын құбылыс. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер,оқулық дәптерімен жұмыс істеу іскерліктері де артады.

Бұл бағдарламаның барлық стратегиялары оқушының ойлауын дамытуға, танымдық белсенділіктерін арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйретеді. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір-бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыруға ықпал жасап отырады. Шағын топтарда жұмыс жасау нәтижесінде оқушы өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп, еңбек етіп, шешім қабылдау сияқты құндылықтармен бірге күнделікті сабақтан хабардар болып отырады. Оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, бір-бірін құрметтеуге үйренеді.

Бағдарлама оқушылардың еркін ойын толық жеткізіп, тілінің дамуына әсерін тигізеді. Оқушылардың белсенділіктерін салыстырмалы кесте арқылы көрсетуге болады.

Білімі жоғары, ЖМУ

Туған жылы – 05.10. 1972

Енбек өтлілі – 19 жыл

Санаты – 13

Автор:
Ш.Ә.ЖАНИБЕКБАЕВА. «Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі