Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жас сарбаздар әскери өмірге шыңдалып келеді


13 мая 2021, 10:32 | 920 просмотров



Сарыөзек гарнизонының  әскери бөлімдері көктем айындағы әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен толықты.    

Қазақстанның әр өңірінен келген жас сарбаздар бүгінде Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борыштарын атқаруда.

Жас сарбаздар әскери бөлімдердің бір айлық курстық жиынында әскери өмірге лайықты деңгейде бейімделу кезеңінен өтуде. Олардың кешенді дене шынықтыру және жауынгерлік даярлығына баса назар аударылды. Саптық дайындықтың, жауынгерлік қарудан ату дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтардың қолдану тәсілдерін үйренуде.

Аз ғана уақыт болса да, жас сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырына төселіп, мінез құлықтарын шыңдап келеді.

Сондай-ақ бейімделу кезеңінде сарбаздармен писхологтар жұмыс жүргізді.

Ал жас сарбаздарға бекітілген офицерлер мен сержанттар болса, Отан алдындағы борышын өтеуге талпынған жас жігіттердің әскери ортаға бейімделуіне барынша көмектесіп, дұрыс бағыт-бағдар беруде, әрі патриоттық рухта тәрбиелеуде. 

Қазіргі уақытта жас сарбаздар, жауынгерлік дайындықтың жоспары бойынша саптық, тактикалық, атыс, дене шынықтыру, медициналық  дайындық сабақтарын оқып, әскери жарғыларды, сондай-ақ жалпы күн тәртібін меңгеруде. Әскери борышын атқару барысында жас сарбаздар ізгі қасиеттерді бойларына сіңіріп, табанды әрі төзімді болуды үйренуде.

- Қазір әскери өмірге жақсы бейімделіп, әскердің күн тәртібіне үйренсіп қалдық. Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың парызы деп білемін, - деді жас сарбаз Нұрбол Алпамысов.

Жас сарбаздар жауынгерлік даярлықты үйренген соң, алдағы күнде болатын ант қабылдау рәсіміне дайындықтарын жалғастыратын болады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор