Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстандықтар осы жазды өткізуге қалай дайындалып жатыр


14 мая 2021, 05:34 | 1 076 просмотров



Көптен күткен таза ауадағы демалыс пен көңіл көтерудің мезгілі де келіп жетті. Қазақстандықтар жылы маусымға қалай дайындалып, демалысын қалай жоспарлағанын AliExpress командасы анықтап көрді.

Қазақстандық пайдаланушылардың қалауын зерделеу барысында платформа сарапшылары алдыңғы аймен салыстырғанда сәуір айында бағасы 6,5 есеге өскен гольфке арналған тауарларға деген сұраныстың жоғары екенін байқады. Бұл санаттағы ең қымбат тауар 300 000 теңгеге сатып алынған әйелдерге арналған гольф таяғы болды.

Белсенді демалысты ұнататындар арасында жаяу туризм мен далалық жағдайлардағы демалыс кең тарай бастаған екен: саяхатқа арналған тауарлар айналымының көлемі сәуір айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Шатырлар, күннен қорғанатын тенттер, плащ-сулықтар, туристік газ жылытқыштар мен дүрбілер осы санаттың ең танымал тауарлары қатарына кірді. Ал сатылым көшбасшысы түрлі-түсті жалын әсерін беретін от жағатын саше болып отыр. Орта есеппен қазақстандықтар осы санаттағы тауарларды сатып алуға 30 000 теңге жұмсаған.

Балық аулауға арналған тауарлардың да танымалдығы кем емес, оларға сұраныс сәуір айында 1,5 есеге өскен. Балықшылардың виртуалды қоржындарында түрлі жемдер, балық аулауға арналған алыстан басқарылатын қайықтар, ілмектер, қармақтар, спиннинг пен қармақбауға арналған шарғылар кездеседі. Сатып алудың орташа бағасы 56 000 теңгені құрайды.

Роликтер мен скейтбордтардың сатылымы жылы маусым қарсаңында 2 есеге өскен. Қозғалу құралдарының өзінен бөлек, қазақстандықтар оларға арналған ауыстырмалы дөңгелектер, қорғанатын шлемдер, шынтақ пен тізеге арналған қорғаныш құралдарын сатып алған. Экстримді ұнататындар орташа есеппен платформада 60 000 теңге жұмсаған.

Велоспорт та  қазақстандықтардың сүйікті спорт түріне айналған. Велосипедтік костюмдер, қолғап пен көзілдіріктер, жолсілтегіші, спидометр мен секундорметрі бар мини-компьютерлер, жеңіл насостар сияқты велосипедшілерге арналған тауарлар сатылымы сәуір айында 1,5 есеге өскен.

Жаз келер алдында Қазақстанның пайдаланушылары жақындарының ортасында таза ауада демалыс өткізу үшін аулалар мен террасаларды қарауды да ұмытпаған. Платформада дала жиһаздарына сұраныс өскен: портативтік ұстелдер, отырғыш-шезлонгтар, гамактар. Сәуір айында бұл тауарлардың сатылымы 1,4 есеге өсті, ал орташа баға 100 000 теңгені құрады.

Әлбетте, қазақстандықтар табиғаттағы белсенді демалыс пен спортпен шұғылдану үшін киім-кешектерін жаңалауды да ұмытпайды: спорт киімдерінің сатылымы 1,6 есеге өскен, ал бұл санаттағы ең көп алынған тауарлар – 10 000 теңгеге дейінгі бағадағы саунаға арналған костюмдер, купальниктер, шорты, футболкалар және триколар болып отыр.

Автор:
AliExpress баспасөз қызметі