Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Менің мамандығым электрмонтаждаушы!


14 мая 2021, 08:18 | 1 208 просмотров



Әр адам шыр етіп дүние есігін ашары хақ! Дүниеге келіп ақыл ойы толыса бастайды. Өсе келе ең алдымен ата-анасы оны балабақшаға береді. Ол жерде, дүниені шала танып, жетіле бастайды.  6-7 жасқа келіп, ең алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Мектепте екінші анасы ұстазының арқасында көп нәрсені үйренеді. Шешуші сәт  9 немесе 11 сынып болып табылады. Көптеген оқушы өз таңдауымен немесе ата – анасының айтуымен  9 сыныптан шығып, колледжге таңдаған мамандығы бойынша оқуға түседі.

Ендігі кезекте өзіме келетін болсам, мен Рысбай Алихан Қуанышұлы 2017 жылы  Текелі қаласында орналасқан «Текелі кәсіптік колледжінің» «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» мамандығын таңдадым. Мен өзімнің бала кезімдегі армандаған мамандығыма оқуға түстім.

Осы мамандықты игеріп, білікті маман иесі болуыма аса зор үлесін қосқан, өндірістік оқыту шебері Шалабаев Нұрсерік Сейітқалиұлы болды. Ол кісіден үйренгенімді өмірлік тәжірибемде қолданудамын. Және сол үшін шеберіме алғысым шексіз!

Мен колледж бітіргеннен кейін осы мамандығымды жалғастыруды шештім. Кәзіргі таңда "Алматы технологиялық университетінде" грантта қашықтықтан оқимын.

Мамандығыма келетін болсам, әртүрлі қызықты және жақсы төленетін мамандықтардың алуан түрлілігіне қарамастан, көптеген адамдар қандай мамандықты таңдауды білмейді. Бұл жағдайда керемет таңдау электр маманы болуы мүмкін. Электрмонтаждаушы мамандығы, әдетте, жан-жақты бағытқа ие, өйткені электр желілері бар жерде электрмонтаждаушы бар, осы желілерді уақытында жөндеуге, орнатуға міндетті. Сондықтан электрмонтаждаушы мамандығы біздің заманымызда үлкен сұранысқа ие. Шын мәнінде, электр монтаждаушы мамандығы өте жақсы төленетін табыс түрі және өте қызықты мамандық.

Сондай-ақ, электрмонтаждаушы мамандығы өте жақсы мансаптық өсуге ие, өйткені, егер жас маман кейбір жергілікті электр желісінің бір бөлігін бақылап отырса, кейінірек ол бірнеше электр желілерінің бүкіл жүйесін қадағалай алады. Бұл, әрине, жауапкершілікті арттырады, және сонымен бірге жалақыны да арттырады. Сондықтан көптеген жас мамандар осы салада қалады. Бәсекелестік аз болғандықтан, сіз кез-келген мансаптық шыңдарға қол жеткізе аласыз. Бұл жас маман үшін жақсы мамандық.

Сондықтанда мен жастарға электрмонтаждаушы мамандығын таңдауға кеңес беремін.

Автор:
А.Қ. Рысбай, «Текелі кәсіптік колледж» түлегі, Н.С. Шалабаев, өндірістік оқыту шебері