Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНКУРС


18 мая 2021, 04:08 | 194 просмотра



Халықаралық еңбек ұйымының МОТ деректеріне сүйенсек жыл сайын 270 миллион адам өндірісте бақытсыз жағдай және кәсіптік ауруға шалдығады екен, оның ішінде 2,3-2,5 миллион қайтыс болуда. Конкурстың басты мақсаты денсаулық сақтау мекемелерінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін көтеру және медицина қызметкерлерінің еңбекті қорғауға қатысты мәселелерді шешуге тарту болып табылады. Қауіпсіз еңбек әрбір қызметкердің саналы түрде, әрі өз еркімен таңдаған ісі болуы қажет.

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіптік одағының(ҚДСҚСКО) Атқару Кеңесінің 26 ақпан N12 п.7 қаулысына сәйкес " Қауіпсіздік жағдай жасау жағынан ең үздік денсаулық сақтау ұйымы" конкурсы интернет желісіне жарияланды. Конкурсқа қатысуға кәсіподақтың әр облыстық филиалдарынан және республикалық маңызы бар қалалардан көптеген өтініштер түсті. Мәреге 'жүзден жүйрік жетеді', республика бойынша құрметті 2-ші орынды Талдықорған филиалына қарасты "Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы"-ның бастауыш кәсіподақ ұйымның командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарды Алматы облысы Талдықорған филиалының төрағасы А.Шалтабаев, бас бухгалтері Л. Усенова және емдеу мекемесінің әкімшілік қызметкерлері құттықтап, тиісті мараппаттарын берді. Кәсіподақ-әркезде қауіпсіз еңбекті қолдайды!

Автор:
Асан Шалтабаев, ҚДСҚСКО Талдықорған филиалының төрағасы