Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

3 саны


4 марта 2011, 07:25 | 2 621 просмотр


Мақсаты: 1.Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, 3 саны және 3 санының құрамымен таныстыру. Логикалық есептер шығару арқылы 3 саны көлемінде білім- біліктілігін жетілдіру.

2.Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Тапқырлыққа, ұқыптылыққа,бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттің әдісі:

түсіндіру, ойындар, сұрақ- жауап.

1.Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттің барысы:

Сәлемдесу рәсімі.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң балалар.

ІІ.Өткенді еске түсіру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

1.Слайд .

2 санының құрамын тап (берілген кесте алынды).

2.Өрнектің мәнін тап

Слайдпен жұмыс

1+1= 2-1= 1-1 = 2-2=

3.Слайд.

Сандарды өсу және кему ретімен жаз.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен.

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Слайдпен жұмыс (ауызша түсіндіру)

Ендеше біз бүгінгі сабағымызда 3санымен танысамыз.

3 санының құрамын түсіндіру.

ІV .Әліппе дәптермен жұмыс.

3 санын ауада жазып көрсету, дәптерге жазу. Балалар бүгінгі сабағымызға Тапқышбек қонаққа келіпті. Тап-қышбектің сендерге әкелген ойындары, тапсырмалары бар екен.

Балалардың түсінігін тексеру:

1.Өрнектің мәнін тап.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

2+1 = 1+2 = 3-1= 3-2=

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

2. Дидактикалық ойын.

«Қандай пішін жетіспейді?»

3.Логикалық ойындар.

А) Өзгешелігін тауып қорша. (слайд-

пен жұмыс)

Ә) «Қай санды жоғалттым?»

V. Бекіту .

Бүгін қандай санмен таныстық?

3 санының құрамын жазып көрсет. VІ. Қорыту

VІІ. Оқушыларды мадақтау, үйлеріне қуанышты хабарлама тарату.

Бабаны Жайдарқан

Туған жылы: 1970ж.

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты.

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 7 жыл

Санаты: 12

Қазіргі қызметі: Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Автор:
Бабан ЖАЙДАРХАН. №2 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қапшағай қаласы