Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Туркия мектептері мен ата-аналардың балаларға ұлттық тәрбие берудегі бірлігі


21 мая 2021, 04:59 | 313 просмотров



Туркияда он екі жылдық оқыту жүйесі қалыптасқан. Онда білім ұлттық сипатта беріледі, яғни оқыту түрік ұлттық мектептерінде жүзеге асырылады. Негізгі оқу пәндері: түрік тілі, түрік тарихы, түрік мәдениеті, түрік салт-дәстүрлері және ислам діні. Осылар түрік ұлттық білімінің негізгі мазмұнын құрайды .

Туркия мектептерінде берілетін ұлттық білімнің мақсаты – балаларға ұлт-

тық тәрбие беру. Ал ұлттық тәрбие беру үшін Түрік Ұлттық білімінің шарттары жүзеге асырылу керек. Сонда Түрік Ұлттық білімінің шарттарының мазмұны мына төмендегідей мәселелерді қамтиды:

  1. Жалпылық және тендік: оқу оырндары тіл, нәсіл, жыныс және дін

айырмашылығына қарамайды. Оқуда ешбір  адамға, жанұяға, санатқа және сы-ныпқа жеңілдік берілмейді.

  1. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктері: Ұлттық білім қызметі Түрік

отандастарының қалауы және қабілеттері мен түрік қауымының қажет-тіліктеріне қарай қаланады.

  1. Бағыттылық: Жеке тұлғалар білім алу барысында (кезінде) қарым қатын-

нас, қабілет және талант өлшемдеріне қарай және бағыттарына қарай түрлі бағдарламаларға немесе мектептерге бағытталып дамытылады. Ұлттық білім жүйесі осы бағытты іске асырушы болып құрылады. Басқаруда және жетістікті бағалауда жол көрсетуші қызметтері, объективті бағалау және бағалау тәсілдерін қолданады.

  1. Білім құқығы: Бастауыш білім алу әр түрік азаматының құқығы. Бастау-

ыш білімнен кейінгі оқыту орындарында азаматтар өз қалуы, қабылетіне қарай білім ала алады.

  1. Мүмкіншілік теңдігі: Білім алуда әйел мен еркекке тең құқық беріледі.

Материалдық жағдайы төмен білімгерлердің білімінің ең жоғарғы сатысына көтеріле алуы үшін тегін жатын орны, стипендия, несие және т.б. жолдармен көмек көрсетіледі. Арнайы білім беру қорғауды қажет ететін балаларды өсіру үшін арнайы амалдар қолданылады.

  1. Ұзақтылығы: Тұлғалардың жалпы және мамандық білімдерін өмір бойы

жалғастыру маңызды болып табылады. Жастардың білім алуымен қоса өмірде және жұмыста жақсы орынға орналасуына көмекші болу, жасөспірімнің үнемі тәрбиесін, білімін қадағалау үшін керекті тәсілдерді қолдану да білім қызмет-терінің бірі болып табылады.

  1. Ататүрік революциясы және түрік ұлттылығы: Білім жүйесінің дәрежесі

мен түріне байланысты сабақ бағдарламалардың дайындалуына және әр түрлі білім іс-шараларында Ататүрік төңкерісі мен Ата заңның басында көрсетілген Түрік ұлттығы негіз болып алынды. Ұлттық мінез және ұлттық мәдениеттің бұзылуынан қоршаған ортада сақтануды дамытуға мән беріледі. Ұлттық бірліктің негізгі элементтерінің бірі болып табылатын Түрік тілін білімнің әр сатысында ерекшелігін бұзбай және төмендетпей үйретілуіне мән беріледі, қазіргі заманға сай тәрбие және білімнің тілі ретінде байытылады және осы мақсатпен Ұлттық білім Министрлігінде керекті шаралар жасалады.

  1. Демократиялық тәрбиесі: Ұлттық білім беруде барлық балаларға бірдей

ұлттық тәрбие жүзеге асырылады.

  1. Лайықтылық: Түрік білімінде лайықтылық өте маңызды. Дінді үйрету

мен үйрену тек адамдардың және заңдардың немесе заңды қорғаушылардың қалауына байланысты. Бұл тегін тіркеу кезінде ата-аналар тарапынан мектеп басшыларына жазулы түрде білдіріледі.

  1. Ғылымилық: Әр дәреже мен түрлердегі сабақ бағдарламалары, білім тә-

сіліндегі сабақ құрал-жабдықтары, ғылыми-технологиялық негіздерге және жаңалықтарға, қоршаған орта мен мемлекет қажеттіліктеріне қарай үнемі дамытылып отырады. Білімде пайданың артуы және үнемі даму мен жаңартуды қолдап отыру және мәдениетті дамытудағы қызметтер білім орындарына мықтыландырып, осы жолдағы істерге материалды және рухани көзқарастан қолдаулар көрсетіледі.

  1. Жоспарлылық: Ұлттық білімнің дамуы экономикалық, әлеуметтік және

мәдени дамудың мақсаттарына сай болып, оқыту адам күшінің жеткіліктілігі ескеріле отырып индустрияландыру және егіншілікте жаңалануды қажетті технологиялық дамуды қолдайтын мамандық, іске асырылады. Мамандардың сатылары және әр сатының ашық, билігі және жауапкершілігі белгіленіп, әр дәреже мен түрдегі кең тараған мамандық білім орындарының құрылым бағдарламалары, барлық сатылары сай болып құрылады. Білім орындарының орын, құрам, ғимарат, мекеме және қосымшалары, жабдық, құрал-сайман-дардың сипаттары ертерек белгіленіп, осы стандарттарға қарай үлкен жос-пармен нәтижелі білім ордасы қамтамасыз етіледі.

  1. Аралас білім: Мектептерде қыздар  мен  ұлдардың аралас оқыту ерекше

маңызды. Тек оқудағы мүмкіншілік пен қажеттіліктерге қарай кей мектептер қыз немесе ұл бала мектептері болып бөлінеді.

  1. Мектеп пен отбасының бірлестігі (ынтымақтастығы): Білім беру орын-

дарының мақсаттарының орындалуына қатысу үшін мектеп пен отбасы ара-сында ынтымақтастық қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен құрылатын мектеп  - ата-ана бірлестіктері материалдық жағдайы төмен оқушылар мен мектептің немесе мектеп тарапынан таңдалатын бауырлас мектептердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көрсетілетін түрлі көмектерді қабылдайды. Көмек пен құрбандықтың алыну, жаратылу және бақылау түрі ұлттық білім басқармасының дайындайтын нұсқауымен реттеледі.

  1. Барлық жердегі білім: Ұлттық білімнің мақсаттары тек ресми және ар-

найы оқу орындарына емес, сондай-ақ үйде, қоршаған ортада, жұмыс орнында, барлық жерде және мүмкіншілік болған кезде іске асырылады. Ресми, арнайы және ерікті әр мекеменің оқуға байланысты іс-шараларының Ұлттық Білім мақсаттарына сайлығы Ұлттық Білім Басқармасының бақылауына тән.

Аталған шарттардың орындалуында мектеп пен ата-ана тұрақты бірлікте іс-әрекет етеді. Сонда ғана баланың тәрбиесі жоғары, білімі терең болатыны әр уақытта бақылауда ұсталады, ол ата-ананың басты парызы мен міндеті болып саналады.

Сонымен, Ұлттық білімнің және түрік халқының бала тәрбиесіндегі мақ-саттары Түрік қауымының келешегі, Түрік қауымын дүние жүзіне танытатын балаларына өте жақсы ұлттық тәрбие беру екен. Бір қауымның жалғасы мен мәңгілігі сол қауымдағы жастардың жақсы білім алуларына, жақсы тәрбиеленулеріне, жақсы қадағалауына байланысты. Бұл тәрбие жұмысы атқарылғанда түрік халқының көз алдында болатын нәрсе – өз мәдениетін, өз әдеттерін қорғау, балаларды түрік екендігін ешқашанда ұмытпауларын ескерту. Өз мәдениетін, әдет-ғұрыптарын қорғаумен қатар дүниеде болып жатқан технологиялық дамуларға сай білім беру және оларды әрі денелік, әрі зейіндік Ататүріктің айтқанындай: «Мықты бас мықты денеде болады. Дүниедегі дамуларды балаларымызға үйретуге тиіспіз. Демократия, адам құқығы және технология сияқты нәрселер» .

Түрік халқы баласын тәрбиелеу барысында бұл нәрселерді 2 бөлімнен жасайды. Олар мектептен бұрынғы және мектеп кезеңі. Мектептен бұрынғы тәрбие баланың отбасына байланысты. Ал мектеп кезеңі болса баланың мұғалімдеріне немесе мектеп айналасы, яғни күнделікті бірге жүретін адамдарына байланысты. Бала ана құрсағына түскеннен бастап тәрбиеленеді. Бала дүниеге келгеннен соң оның аты қойылады. Содан соң, белгілі бір уақыттан кейін бала қыз және ер бала болғанына қарай жұмыс жасалады. Содан кейін бала Кундуға оралады. Бұл әдетке Кундуқ тәрбиесі аты берілген. Бұл Кундуқта бала жатқандықтан өте түзу және сау болып өседі. Егер бала үйінде жалғыз болса, бұған атасы және апасы тәрбиелеуде көмектеседі. Бала жүре бастағанда тұсауы кесіледі. Тісі шыққанда тіс палау басталып, көршілер шақырылып тойланады.

Бала тәрбиесіндегі 2-ші және ең бастысы, ол мектепте берілетін тәрбие. Мектептерде балалар ұлттық тәрбие және ұлттық идеялармен тәрбиеленеді. Бала бастауыш мектептен бастап үлкендерді құрметтеуге, кішілерді де құрметтеуді үйренеді. Осыған қосымша Отанын сүйгізуге, өз мәдениетін сүюге  шақырады. Баланың сыныбы өскен сайын тағы да өте тереңірек тәрбиеленеді. Бұл тәрбие кезеңінде мектеп пен үйдің арасында өте тығыз байланыс болады. Бұл байланыс баланың тәрбиесінде маңызы зор. Бұл кезеңде балалар Ататүрік реформаларынабайланысты халқын сүйетін, Отаны үшін жанын беретін халге келеді, онда қыз деп, бала деп бөлмейді. Бала тәрбиемен бірге дінін де жақсы білуі керек. Мектепте берілген тәрбие жұмысында баланың қабылеттері дамытылып, оның ең жоғары болуын қадағалайды .

Түрік халқының бала тәрбиелеудегі мақсаты – түрік азаматтарының және түрік қауымының қуанышын арттыру, сондай-ақ ұлттық бірлік және ауыз- бірлік ішінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды қолдану, тездету және ең бастысы Түрік дүниенің мұрагері, жаңа нәрселер  тапқыш және оны адамдарға ұсынғыш етіп жасау.

Түрік ұлттық білімінің жалпы мақсаты – түрік халқының барлық адамда-рына :

  1. Ататүрік реформаларына және Конституцияның басында айтылғандай

түрік ұлтшылдарына жақын, түрік халқының ұлттық, рухани және мәдени бағасын қабылдайтын, қорғайтын және дамытатын, отбасын, Отанын, халқын сүйетін және әрқашанда биіктетуге тырысқан, адам құқығына, ұлттық, демократиялық, құқықтық мемлекет болған Туркия  Республикасына деген жұмысын және қызметін білетін, бұларды іс-әрекетке айналдыратын отандастар етіп өсіру;

  1. Дене, ақыл, рух, сезім жағынан теп-теңдік және сау  болып  өскен  адам-

дыққа және мінезге, ойлау күшіне, кең ойлау қабылетіне игіленген, адам құ-қығына құрмет көрсететін адамдар ретінде өсіру,

Енді ұлттық білім беретін Туркиядағы он екі жылдық оқыту жүйесіне сипаттама берелік.

Бүгінде оқыту технологиясы және әдістемелері жоғары белсенділікте дамытуды мақсат етеді. Бұрынғы оқыту жүйесінде оқушы мұғалімнің берген білімін өзгертпей қабылдап алуы керек еді, онда, оқушының белсенділігі байқалмайтын. Ал қазіргі қоғам зерттей білетін, халықаралық деңгейде зерттейу жүргізетін, ізденетін, шығармашылық жұмыстар жасай алатын және алған білімін қолдана білетін оқушыларды талап етеді. Халықаралық зерттеу жобаларының нәтижесі және ғылымдардың оқытылу деңгейі оқушыларды үйрету және білім-қоғам байланысын үйрену жолдарын көрсетеді. Оқушылардың білімге дайын түрде емес, өздерінің жұмыстары нәтижесінде жетіп, қабылдап алулары – халықаралық деңгейдегі басты міндет. Осылардың барлығын орындауға мүмкіндік беретін бірден-бір жол  -  12-жылдық білім беру жүйесі екендігі әлем елдеріне белгілі.

Туркияда 1949 жылдан бастап мектептің жоғарғы сатысы 3 жылдан 4 жылға ұзартылған. Туркияда бұрыңғы мектептің жоғарғы сатысында мұғалімнің баяндау және оқушының жаттау әдісімен оқушылардың ойлауы, зерттеуге қатысуы, қорытындылай білуі және нәтиже шығара білу қабылеттері өспеді. Қызығушылықпен және бәлсенділікті қажет ететін сабақтардың орнына бір қалыпты, монотонды сабақтар жүргізілді. Жаңадан оқуды бастаған оқушы-лардың міндетті сатыдағы ынтасы жоғары сатыда жалғаспады. Мектептің жоғарғы сатысы тек қана аттестат алу үшін керек болды. Осы себептер және  жаңа жүйені енгізу уақытының келгенін көрсетеді .

Туркия Ғылым және білім Министрлігінің шешімімен 2005-2006 оқу жы-лынан бастап орта мектептің жоғарғы сатысы 3-жылдан 4-жылға ұзартылып, 9-сынып барлық бағыттарда ортақ сынып деп қабылданды. 10- сыныптан бастап оқушылар белгіленген бағыты бойынша оқиды. Он екі жылдық жүйенің ең басты жаңалығы – бағдарлап оқытуға және саралап оқытуға мүмкіншілік беретіні. Он екі жылдық оқытуға көшудің бір себебі де – Еуропа мемлекеттерінде оқыту жүйесіне сәйкестендіру. Германияда 9 жылдық негізгі оқытудан кейін 4 жыл орта мектептің жоғары сатысы басталады. Ал бұл Италияда 9-3 болса, Финляндияда 9-3. Еуропа мемлекеттерінде оқығысы келген оқушылар үшін және Еуропада оқып алған дипломдарының сәйкестілік мәселесі 12 жылдық оқытумен шешілетін болады. Үшіншіден орта мектептің жоғарғы сатысында бұрынғы бойынша үш жылдық сағат жүктемелері төрт жылдыққа таралуымен оқушыларға түсетін жүк жеңілдейді. Балалардың шығармашылық жұмыстарына, мәдени шараларына қосымша білім алуына, жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуына мүмкіншіліктер туады. 12 жылдық оқытудың әкелген тағы да бір жаңалығы 9-сыныптан бастап, 9-12 сынып аралығында пәндердің жаңа бағдарламалары шығарылады.

Туркияда он екі жылдық оқу жүйесінде төмендегідей мақсат көзделеді:

  • Оқушылардың мұғаліммен бірге көп жұмыс орындауы;
  • Жаратылыстану сабақтарында зертханалық жұмыстарды көбейту;
  • Оқушылардың ізденімпаз болуына және шығармашылық тапсырмаларды көп орындап, шығармашыл болуына көмектесу;
  • Тақырыптық жоспарда практикалық есептер шығаруға жеткілікті сағат бөлу;
  • Сабақ оқытуда, сыныптан тыс жұмыс істеуге, кітапханаға барып мате-риалдар алуға, қосымша материалдар оқуға мүмкіншілік туғызу;
  • Сабақ үстінде компьютер және жаңа технологияларды пайдаланып, оқы-туға уақыт табу;
  • Оқушылар компьютерді қолданып интернет арқылы ізденуге уақыт беру;
  • Жоғары оқу орындарында арнайы дайындық жүргізу;
  • Шет тілін жақсы меңгеру.

Орта мектептің міндетті сатысы 8 жылдық болады. Ал жоғары сатысында

бағдарлап оқыту кезеңі болып 4 жылға ұзартылады. Орта мектептің міндетті сатысында 1-8 сынып аралығында оқушыларға жалпы мағлұмат беру, қабылет-терін өсіру, мұғаліммен жұмыс істей алу, топпен жұмыс істеу, болашақ мамандық бағытын таңдау, күнделікті өмірді және табиғат заңын үйрету сияқты мақсаттар көзделеді. Сыныптың ішінде сабақты өткізгенде және сыныптан тыс жұмыстарға оқушылардың белсенбілігіне, педагогикалық кеңес және ата-аналардың пікіріне қарап оқушының өзіне тиімді бағытын анықтауға жол ашылады. Орта мектептің жоғары сатысында оқушылар төрт түрлі бағытқа бөлініп оқиды. Бұлар: жаратылыстану-математика, гуманитарлық, түрікше математика және тіл бағыттары. Өнер және кәсіби-техникалық салада оқыла-тын лицейлерде бағытқа бөлу жұмысы жүргізілмейді.

Туркияда он екі жылдық оқу жүйесі екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі –бұрынғы үш жылдық бағдарламаны өзгертпей төрт жылда оқыту, екіншісі -пәндердің жаңа бағдарламаларын шығарып іске қосу болып табылады .

Бағдарлап оқытуды ұйымдастыру. Бағыттарға бөлу жұмысы екі түрлі болады. Біріншісі, міндетті сатының соңында жаратылыстану бағытында арнайы оқытатын пән лицейлеріне және гуманитарлық бағыты мен түрікше- математика бағытында арнайы оқытатын әлеуметтік білімдер лицейлерге және анадолу лицейлері мен және басқа арнайы бір бағытта оқытатын лицейлеріне оқушылар қабылданады. Бірінші тур – бағыттап оқыту тәжірибесі 1964 жылдан бастап пән лицейлерінің шығуымен алғашқы рет басталған. Осы лицейлерге қабылдау мәселесі оқушылардың үлгеріміне қарай болады. 4-сыныптан бастап 8-сыныпқа дейінгі оқушылардың оқу үлгіріміне, педагогикалық кеңестің шешіміне және оқушының қабылетіне қарай белгілі бір бағыт бойынша 9-сыныптан бастап оқытылады. Негізі 8- сыныптың II жартысынан бастап оқушының қай бағытта оқитыны белгіленеді. Міндетті сатыдағы балын шығару ережесі төмендегідей болады:

Сынып балы – (Деңгей белгілеу емтиханы х 0,70) + (Оқу үлгірімі балы х 0,25) + (Тәрбие балы х 0,05);

Міндетті сатыдағы балл (6-сынып балы х0,25)+(7-сынып балы х 0,35)+(8 – сынып балы х 0,40).

Міндетті сатыда осы бақылау жүйесі мен оқушылардың оқу үлгерімі ескеріледі. Міндетті сатыдағы балы мен оқушының таңдауына қарап орта мектептің жоғары сатысында бағдарлап оқытуға жіберіледі. Оқушының таңдауы бойынша және ең жоғарғы балл жинағандарына қарай арнайы бағытталған лицейлерде оқиды.

Екінші тур – бағыттап оқыту. Жалпы лицейлерде оқуын жалғастыратын оқушылар үшін 9-сыныпта бағытты белгілеу жұмыстары жүргізіледі. Туркия-ның орта мектептерінде 2005-2006 оқу жылынан 9-сыныптан бастап 9-12 сыныптар аралығында оқушылар бағдарлап оқытылады. Дүние жүзіндегі жетекші елдердің білім саясаты мектептің жоғары сатысында оқытуды саралауға негізделе отырып құрылған. Екінші тур бағыттап оқыту жалпы лицейлерде 9-сыныптан басталады. Мұнда мұғалімдер кеңесі мен мектептің ішінде арнайы кеңес бөлімшесі жұмыс істейді.

Кеңестің жұмысы. Міндетті сатыдағы үлгірім ынтасы, оқу-сапасы, мұға-лімнің ойы және ата-ананың ойы алынып, педагогикалық кеңес арқылы оқушының бағыты белгіленеді. Оқушының бағытын белгілеу кезінде біріншісі, мектептің оқу-тәрбие меңгерушісі мен сынып жетекшісінің жасаған анкетасының нәтижесі қаралады. Екіншісі, 9-сыныптың жылдық қорытындысының нәтижесі қаралады. Үшіншісі, орта мектептің міндетті сатысындағы қорытынды бағалары қаралады. Орта мектеп бастауыш сатысындағы бағытты белгілеу жөніндегі кеңестердің ұсынысы қаралады. Соңғысында, денсаулық жағдайына қарап, бағытты белгілеу жұмыстары жүргізіледі. Осы кезде айтылатын маңызды нәрсе - сыныпта бағытты белгілеу үшін арнайы аптасына екі сағат «Бағытты тану және белгілеу» сабағы 2005-2006 оқу жылынан бастап оқытылады. Бұл сабақ 9-сыныптан басқа сыныптарда оқытылмайды. Осы сабақта әр бағыттың болашағы, оқу үрдісі және белгілеу ережелері, жоғары оқу орындарымен байланысы балаларға жеткізіледі. 9-сыныптағы қорытынды бағасының 50 пайызы, орта мектеп негізгі сатысындағы балының 30 пайызы және орта мектеп міндетті сатысы кеңесінің ұсыныс үлгісіндегі бағаның 20 пайызы қосылып, жалпы балл шығарылады. Бағытты белгілеу жұмыстарында пәндердің қорытынды балы қаралады. Балы жоғары болған пәндерді және қай бағытқа жататынын анықтап, соған қарай оқушының болашақта оқитын бағыты белгіленеді. 9- сыныптағы қорытынды балы, міндетті сатыдағы балы және ұсыныс үлгісіндегі баға әр бағыттың бағдарлы сабақтарына қарап төрт бағытта есептеледі және бағыттарға бөлінеді. Бір бағытта оқыту үшін ең азы 12 оқушы тіркелуі керек. Мысалы, тіл бағытын белгілеу үшін, оқушылардың орта мектептің міндетті кезеңінен бастап тілмен айналысуына және шет тіліндегі үлгерім бағасы қаралады. Бұл ережемен барлық бағытта оқылатын жалпы лицей және анадолу лицейлері жұмыс жасайды .

9-сыныпта оқушының жалпы бағыты белгілі болса да себепке байланысты бағытын ауыстыруға рұқсат етіледі. Сондықтан 9-сынып бағдарламалары төрт бағытта да бірдей болады. Оныншы сыныптың бірінші жартысына дейін соңғы кез оқушының бағытын ауыстыруына рұқсат беріледі. Осы жұмыстардың барлығы мектеп ішінде кеңестің келісімімен болады. 8-сыныптың соңында оқушы үшін анықталған бағыт дұрыс болмай қалса және бір өзгеріс болып қалған жағдайда 9-сыныпта басқа бағытқа көшуге оңай болады және оқушы сабақ жағынан қиналмайды.

Жаратылыстану-математика бағытында жаратылыстану пәндері (физика, биология, химия) мен математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Тіл, әдебиет, тарих секілді гуманитарлық сабақтардың сағат саны аз болады. Гуманитарлық бағытта керісінше тіл, әдебиет, тарих, география секілді сабақтар тереңдетіліп оқытылса, жаратылыстану және математика сабақтары 9-сыныптан кейін таңдамалы сабақ ретінде өтеді (география пәні Туркиядағы оқу жүйесінде гуманитарлық пән деп есептеледі). Үшінші тур бойынша бағыт болған түрікше-математика бағытында тіл, әдебиет, география пәндеріне қоса математика, геометрия пәндері бағдарлы пән ретінде, гуманитарлық бағыттан айыр-машылығы тарих пәнінің орнына математика, геометрия пәндері болады. Бұл бағытта оқитындар экономика саласында оқуды жалғастырады. Тіл бағытында тіл теориясы және шет тілі бағдарлы пән болып жүреді.

Бағдарлы оқыту жүйесінде 10-11 және 12-сыныптың аяғында бір орта-лықтан жасалған мемлекеттік емтихандар өткізіледі. 10-12 сыныптар аяғында жасалған мемлекеттік емтихандардан алған балының 40 пайызы мен жылдың ішінде мұғалімнің қойған қорытынды балының 60 пайызы қосылып, сол жылдың қорытынды бағасы шығады. 10,11,12 – сыныптар үшін жылдық қорытындысы, бағаның шығарылуы келесі формула арқылы есептелінеді.

Жылдық қорытынды бағасы – (мұғалімнің қойған қорытынды бал х 0,60) + (мемлекеттік емтихан х 0,40).

Осындай бақылау жүйесінің мақсаты: оқушыны тек қана жүйеге бейім-демей, өзі оқыған сыныпта барлық сабақтарына мән беруге баулу болып табылады. Осы айтылған емтихандарда 4 бағытта, яғни, жаратылыстану-математика, гуманитарлық, тіл және түрікше-математика бағыттарында өз бағытына тиісті пәндерді оқушылар өздері таңдайды. 12-сыныптың аяғында жасалған мемлекеттік емтихан университет үшін емес, орта мектеп сатысында оқушының оқыған бағытындағы үлгерімін анықтау үшін жасалады. 10-12 сынып оқушылары үшін өзінің оқыған бағытында есептелген жылдық қорытындысы бағаларының орташасын алып орта мектеп бітіру диплом бағасы шығарылады және жаратылыстану-математика, гуманитардық және түрікше- математика түрінде алған бағасымен қосылады. Сол бағамен унивеситеттегі бір бөлімге орналасады. Яғни, баланың орта мектептегі үлгерімі оқушының болашақ университеттегі мамандыққа орналасуында үлкен рөл атқарады. Жоғары оқу орындарына орналасу үшін мемлекет ҰБТ емтиханының нәтижесінде әр оқушы үшін жауаптаған сұрақтарына байланысты өзінің бағытының балы шығарылады. Жаратылыстану-математика бағытында оқыған оқушы өзінің бағытына қарай ҰБТ емтиханында жаратылыстану пәндері, математика мен түрік тілінен сұрақтарға жауап береді және жаратылыстану математика балы шығарылады. Өз бағытындағы сұрақтарға қоса гуманитарлық сұрақтарға да жауап берсе, сол баланың жаратылыстану бағытындағы балымен бірге гуманитарлық бағытында алған балы мен түрікше-математика бағытында алған балы да шығады, яғни, оқушы қандай бағытта оқыса да ҰБТ емти-ханында шек қойылмайды. ҰБТ емтиханында барлық оқушыларға бірдей уақыт беріледі. Орта мектепте кәсіби мамандық дайындайтын мектептерді бітірген оқушылар үшін егер де бірдей салада жоғары оқу орнына барғысы келсе, қосымша балл беріледі. Бірдей салада келген оқушы мен жалпы орта мектептен келген оқушы арасында айырмашылық болады.

Оқушылар жаратылыстану бағытында алған балымен медицина саласы, математика және жаратылыстану ғылымдары, мұнай-газ және инженерлік бөлімдерін таңдай алады. Гуманитарлық бағытта алған балымен ол түрік тілі, әдебиеті, тарих, қоғамдық ғылымдар және басқа да гуманитарлық бөлімдерді таңдай алады. Түрікше-математика бағытында алған балымен оқушылар барлық экономика саласындағы бөлімдерге, туризм, құқық және халықаралық қатынастар бөлімдерін таңдайды. Ал тіл бағытында жинаған балымен таңдаған шет тілдеріндегі бөлімдерінде оқиды.

Автор:
Арслан Аббасов, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-нің «Талдықорған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» МЛИ» КММ