Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жай бөлшектерді координатикалық сәуледе кескіндеу


4 марта 2011, 07:18 | 3 349 просмотров



ІІ. Мақсаттары:

Білімділік: Жай бөлшектерді координат-

икалық сәуледе кескіндей білуін және координаталарын таба білу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру. Біліктерін түрлі есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу мазмұнын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкер-шілікпен қарауға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Өз елімен жеріне сүйіспеншіліктерін ояту.

ІІІ. Сабақ түрі: Қайталау және жүйелеу

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, есептер шығару, дидактикалық ойындар, ауызша жаттығулар, графикалық диктант, деңгейлік тапсырмалар.

ІV. Сабақ барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, бөлменің жай – күйін бақылау.

Б) Үй тапсырмасын тексеру: №509, №510.

С) Пысықтау сұрақтары: 1. Графикалық диктант «шаңғышылар жолы)

1.Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

2. қысқартылмайтын бөлшектер.

3.30 минут сағаттың бөлігі.

4.Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.

5.Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады.

6.Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.

7.бөлшегі дұрыс бөлшек.

8.Бұрыс бөлшек 1 – ге тең немесе бірден үлкен.

9.бөлшегі координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында орналасады.

10. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.

2. «Биатлон» сайысы: Тақтаға бес оқушы шығып, координаталық сәуледе орналасқан сәулелердің координаталарына сәйкес нүктелерді атау, әр суреттің мағынасын түсіндіру.

V. Білімді бекіту:

А) Есептер шығару: № 515, 520 және №522

В) Жұбыңды тап: «Лото» ойыны. Әр оқушыға қағаз қиықтары беріледі. Сол қиықтардың жалғасын дәл тауып, олардың мағынасын ашып, суреттерді құрастырғанда сыныптағы оқушылар 5 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.

1 – топ: мемлекеттік ту, 2 – топ: мемлекеттік елтаңба, 3 – топ: Қазақстан картасы. Әр топтан 2 оқушыдан шығып, төмендегі тапсырманы орындайды.

№1 тапсырма: Сандық координаталық сәуледегі 0 – ден 1 – ге дейінгі бірлік кесінді 6 тең бөлікке бөлінген бөлшектерді өсу ретімен орналастырсақ, Қазақстандағы VІІ қысқы спорттық ойындар атауы шығады.

№2 тапсырма: Сынып 5 адамнан тұратын А, В, С деңгейіне топтасады.

«А» - деңгейі:

1.Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады:

2.Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жаз: ; .

3.Бірлік кесіндіні 3 см етіп алып, ; ; 1 бөлшектерін координаталық сәуледе кескінде.

«В» - деңгейі:

1.Бөлшек қатарының құрылу заңдылықтар-

ын анықтап, келесі бөлшектерді жаз

2.Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда теңдік сақталады:

3.және 1 бөлшектерін бірлік кесіндіні дәптердің 10 тор көзі етіп алып, координаталық түзуде кескінде.

«С» - деңгейі:

1. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр: 9 ; 3 .

2. Өрнекті әріптің орнына мәнін қойып,бөл-

шекті қысқартып, шыққан бөлшекті аралас сан түрінде жазыңддар: , мұндағы х = 36; 51.

3. және бөлшектерін бірлік кесінді дәптердің 6 тор көзі етіп алып, координаталық сәуледе кескінде.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Оқушыларды бағалау.

Автор:
Е.Ж.МҰСАҒАЛИЕВ, Көкөзек ауылы