Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өнерлі он саусақ


4 марта 2011, 07:16 | 4 097 просмотров



Мақсаты: – Жіптердің, маталардың сәйкестігін, түстерін дұрыс ажырата білуге, түйменінің қадау тәсілдерін үйрету;

– Саусақтарының, қолдарының ұштарының қозғалыстарын, моторикасын және ойлау қабілеттерін дамыту;

–Сұлулыққа, әсемдікке, еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ине, қайшы, түймелер, мата, жіп, ине шаншар.

Әдісі: проблема туғыза отырып нәтижеге жету.

Түрі: практикум.

Барысы: Ұйымдастыру

І. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше.

Алдыларыңда жатқан заттарға назар аударыңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

-ине, жіп, қайшы, ине шаншар, түймелер.

Олай болса, бүгінгі сабағымыз еңбектену, өз-өзімізге қызмет ете білуге, көмекке келуге үйрену екен.

-Осы заттар арқылы не істейміз?

-Түйме қадаймыз.

-Қалай және қайда қадаймыз? Не арқылы ?

-Ине, жіп арқылы матаға қадаймыз.

Ендеше сабағымыздың тақырыбын «Өнерлі он саусақ» деп атайық.

ІІ. а) Түйме туралы түсінік беру.

ә) 1,2,3,4 суреттерге түсінік беру.

б) тест: Сәйкестігін тап

Ш. Іске кіріспес бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алайық.

ІҮ. Ерасыл мен Гүлнарға «Ине» , «Қайшы» туралы тақпақтарын айтқызу.

Ине. Қайшы

Бой дегенің қып-қысқа

Жұмыста оны көремін

Бар болғаны үш елі

Қиып- қырқып жүреді

Кіріскенде жұмысқа

Тек өзіне керегін

Ауыры оған түседі.

Ойып ала біледі.

Ажырасып кеткенге

Төрешелік етеді.

Ине алдынан өткендер

Құшақтасып кетеді.

Жұмбақтар жасыру.

Кірш-кірш етеді Калады жерге түсіп шайнағаны.

Ішіне кіріп кетеді.

Ү. Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

ҮІ. Ойын. Балалар, мына мысықтың баласы сендерден көмек сұрай келіпті.

Ол анасынан адасып қалыпты. Неліктен адасып қалды деп ойлайсыңдар?

Қараңдаршы несі жетіспейді?

-Көзі, мұрны.

Алдарыңда жатқан сиқырлы конвертке назар аударыңдаршы, Кімнің суреті?

-мысықтың суреті

-Енді ашып қарасаңдар, ішінде не бар екен?

-Түймелер

-Қандай? әртүрлі ме?

2 жасыл 1 қызыл

Олай болса, конверттің сыртындағы суретке қарап отырып бірдей түймелерді көзіне, өзгеше түймені мұрнына қадаймыз. Осылайша мысыққа көмектессек, ол сендерге «мяуу-мяуу» деп рақмет айтады.

ҮІ. Алдымен саусаққа жаттығу жасап алайық.

ҮШ. Жұмыстың нәтижесін бағалау. Мадақтау.

Автор:
К.Д.ҚАЛИЕВА, Облыстық көмекші мектеп-Интернаты