Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Танкпен жаттығу сәтті өтті


26 мая 2021, 05:05 | 206 просмотров



Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімінің базасында шабуылдаушы батальонының жас сарбаздары жауынгерлік машиналар тұрағының маңындағы арнайы жабдықталған орында шынжыр және дөңгелек табанды ұрыс техникасымен жаттығу жүргізді.

 Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілген жаттығу барысында жас сарбаздар алғаш рет жер тасада жоғары тонналы техниканың астына жатып, осы ұрыс техниканың артына қол гранатасын лақтырып, оны дәл тигізе отырып көзін жою жаттығуларын жүзеге асырды.

– Жас сарбаздар оқып-білгендерін оқу-жаттығу орындарында өз көздерімен көріп, оны практика жүзінде іске асыруға үйрете білу біздің ең басты мақсатымыз болып табылады, - деп жас сарбаздар жиынының штаб бастығы майор Тимур Сыздықов атап өтті.

 Жаттығу барысында қатысушыларға, оның ішінде алғаш рет қатысқан жас сарбаздарға қауіпсіздік шараларын және әскери тәртіпті қатаң түрде сақталу қажеттілігі түсіндірілді.

– Әскери бөлімге келгелі әскери тәртіпті, саптық жүрісті, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін және қару-жарақты қалай қолданып, ату керектігі сияқты жаттығуларды үйрендім. Ендігі арманым ант қабылдағаннан кейін әуеден парашютпен секіру, - деді десанттық-шабуылдау әскерлері қатарына шақырылған қатардағы жауынгер Дастан Заманханов.

Аталған іс-шаралар жас сарбаздардың психологиялық тұрақтылықтарын сынауға шыңдап қана қоймай, ұрыста ержүрек әрі батыл болуларына септігін тигізеді.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі