Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Табиғат қамқоршылары


27 мая 2021, 05:23 | 243 просмотра



Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Табиғат қамқоршылары»

Мақсаты: Балалар бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қалыптастыру. Балаларға табиғатты қорғау, қамқорлық жасау және қоршаған ортаны ластамау қажеттігін түсіндіру

Қолданылатын көрнекі құралдар: В.Воскобовичтің «Күлгін орман» ойыны, Қоян және Түлкінің суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: арнайы белгіленген қоңыс салуға арналған шелектер.Пластик, қағаз және тағам қалдықтары. Табан іздері бар кілемше.

Сөздік жұмыс: пластик ыдыс, қалдық, қоқыс.

Оқу қызметінің өтілу барысы:

Шаттық шеңбері: 

Видео ролик көру «Табиғатты қорғайық!»

Дидактикалық ойын: «Дұрыс -бұрыс»

-Балалар, видео роликтен, ойыннан не түсіндік?

-Табиғатты ластауға, ағаштарды сындыруға, жануарларды ренжітуге болама екен? Балалар сендер табиғатты жақсы көресіңдер ма?Орманға саяхатқа барғыларың келе ма?

Балалар жауабы тыңдалды.

-Ендеше балалар, бәріміз бірігіп «Күлгін орманға» саяхатқа барайық.Балалар «Күлгін орманға» бару үшін мына жолдармен жүріп өтуіміз керек.

-Жарайсыңдар! Мінекей «Күлгін орманға» да, жеттік.Қараңдаршы қандай әдемі орман. Недеген тамаша әсем табиғат көрінісі.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі екен?

Балалар: Көктем.

(осы сәтте орман ішінен Қоянның жылаған даусы естіледі).

-Мынау не дыбыс? тыңдайықшы кім жылап отыр?Иә, дұрыс айтасыңдар бұл Қоян екен. Қоянды кім ренжітті.Қоян жан саған не болды? сен неге жылап отырсың?

Қоян: Мені қу Түлкі ренжітті, ол менің үйімнің алдына мына қоқыстарды шашып, ауламды ластап кетті.

Қоян жан сен жылама біз саған көмектесеміз біздің балалар бұл қоқыстарды қалай жинау керектігін біледі.Саған қуана көмектеседі.

Қыймылды ойын: «Кім жылдам?»

Сергіту сеті

Балалардың тақпақтары.

Қоян:  балалар, сендерге көп рахмет! Мені ауламды қоқыстан тазартып бердіңдер. Рахмет сендерге.

Автор:
Айдана Нәбиева, №12 «Байтерек» бөбекжай тәрбиешісі, Өтенай ауылы, Талдықорған қаласы, Алматы облысы