Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

РЕФОРМА - ТАҢҒАЖАЙЫП ЖОСПАРЛАР ЕМЕС


11 марта 2011, 08:00 | 2 119 просмотров



Елбасының осы жолдауы аталмыш салада тер төгіп жүрген кез-келген азаматты бей-жай қалдырмасы анық. «Әркімнің-ақ өнерге бар таласы»-деп дана Абай айтқандай, жаңашылдық ой мен іс-қимылды тек жоғары жақтан күтпестен, бәріміздің де Елбасы үндеуіне үн қосып, өз ұсынысымызды айтуға толық қақылымыз және міндеттіміз деп есептей, әрі министр Бақытжан Жұмағұловтың кеңейтілген алқа мәжілісінде: мұғалімдердің оң бейнесін қалыптастырып, жетістіктерін насихаттап, олардың тәжірибесін кеңінен тарату керек - деген бастамасына негізделе отырып, өзімнің 20 жылдық жұмыс тәжірибеме сүйеніп, шетелдік тәжірибедегі жетістіктерді саралай келе еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру сапасын жақсартуға аз да болса пайдасы тиер деген оймен өз ой-пікірімді ортаға салып отырмын. Оқырман қауым өз пікірлерін білдірер деген ойдамын.

Әлемдік деңгейдегі экономикалық-техникалық үрдістердің бәсекелесе дамуы ғылым-білім саласына мемлекет деңгейінде назар аударуды басты күн тәртібіне шығарып отыр. Осы болмысты шынайы түсінген Елбасы Н.Назарбаев ғылым-білім саласына қашанда көңіл бөліп келеді. Биылғы жылы халыққа дәстүрлі жолдауында да білім саласына жоғары деңгейде тоқталып, оның даму стратегиясын белгілеп берді. Елбасы өз сөзінде жоғары оқу орындарына (ЖОО) байланысты: Университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа инновациялық деңгейін қамтамасыз етуге және білім берудің сапасын арттыру, қолжетімділігін кеңейту үшін қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу керектігін, сондай-ақ кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құруды қадап айтты. Демек, нағыз бәсекелестік ғылым-білім саласындағы бәсекелестік екендігін көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың барлығының түсінер шағы жетті.

Басты ұсыныстарым төмендегідей:

1. Университеттерде білім берумен бірге, ғылыми зерттеу жұмыстарын да қоса дамыту керек.

Біздің алға қойып, мақсұт тұтып отырғанымыз білікті элита дайындайтын «Зерттеу университтерін» жасақтау, егер аталмыш мәртебеге бүкіл әлем бойынша жалпы ЖОО-ның небәрі 5 пайызына ғана ие екендігін ескергенде, біздің елде тек, «Назарбаев университетінен» басқа тағы да бір-екі танымал ЖОО осы мәртебеге ие етуге болатын шығар, оның өзіне де аз уақыт кетпесі анық. Сондықтан басқа ұлттық деңгейдегі ЖОО осы бағытқа біртіндеп бейімдеу үшін университеттерде білім берумен бірге, ғылыми зерттеу жұмыстарын да қоса дамыту керек. Сонда ғана құстың қос қанатындай замана кеңістігінде еркін самағайтын болады.

Қайткенде ЖОО-да ғылыми зерттеуді дамытуға болады?

Ол үшін мына төрт факторға назар аударған жөн деп ойлаймын. Олар:

a. Бастысы, универстет құзырында ғылыми зерттеу орталықтары жұмыс істеуі керек. (ал қандай орталықтың болуы сол оқу орнының сипаты мен ерешелігіне байланысты болады).

b. Оқытушы-мамандардың өздерінің ғылыми зерттеу тақырыбының болуы және сол бағытта белсенді ізденістері жасауы.

c. Университет ғылыми журналының сапалық деңгейінің жоғарылығы.

Өйткені, ғылыми журнал сол оқу орынының ғылыми деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі. Сондықтан ол әр факультеттің жылына бірнеше мәрте шығаратын, оқытушылардың есеп беруі үшін немесе ғылыми атақ алу үшін жаза салатын сапасыз мақалаларын жариялайтын басылым болмастан, зерттеу орталықтары жауапты болып шығаратын таңдаулы мақалалардан құралған басылым болуы шарт. Ондай басылым сұранысты қанағаттандыру мақсатында университтердің ерекшелігіне байланысты жаратылыстану әлде техникалық және гуманитарлық бағыт бойынша ай сайын екі журналдан жарық көріп отырса жеткілікті болады. Журналдың сапасы мен таралымын көтеру үшін аталмыш оқу орындарына қатысы жоқ мамандардың да жақсы мақалаларын жариялап тұруы тиіс. Әрі үздік мақалаларға байқау жариялап, оза шапқандарға және таңдаулыларына сый-сиапат көрсетіп тұрса артық болмайды.

d. Білім-ғылымы дамыған шетелдермен байланысты нығайту

Оқытушылардың ауыс-күйісіне, қысқа мерзімге болса да шетелде іс-тәжірибеден өтуге, бірлескен халықаралық ғылыми конференцияларды жиі өткізіп тұруына барынша жағдай жасап, тиісті қаржат бөлуі керек. Тіпті, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ұзтаздарды жіберіп тұруға да болар деп ойлаймын.

2. Ғалымдар (ғылым докторлары мен кандидаттары) тек ғана ғылыммен айналысулары тиіс.

Декан немесе кафедра меңгерушілері қызметіне тағайындауда ғылым докторы немесе ғылым кандидаты болуы шарт болмауы тиіс. Шындығында, олар таза ғылымның адамдары, оларға әкімшілік жұмыстарды міндеттеу арқылы ғылымнан жарым-жартылай қол үздіруге болмайды. Жаны мансапқа жақын жандар ғылымға құштар болмаса да, мақсаттарына жету үшін доктор немесе кандидат атанып келді, бұл ғылымымыздың дамуы үшін еш пайдасы жоқ құбылыс. Сондықтан да Елбасы жолдауында осы мәселеге қатысты: 60 кандидаттың 1-і және 37 доктордың 1-і ғана ғылымға барады. Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады. Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын атап көрсетті.

Ал, онда кімдер декан немесе кафедра меңгерушілікке лайық?

Әкімшілік -басшылық саласына (проректордан бастап меңгерушіге дейінгі қызмет лауазымына) сол оқу орнындағы жоғары білімі бар, белгілі қызмет тәжірибесіне ие Қазақстан азаматының өзі келетін орынды дамытудың нақты жоспарын ортаға салу арқылы ашық-бәсекелестік сайлам негізінде қызметке келу құқығы болуы тиіс. Егер ол көрсетілген мерзімде алға қойған мақсатына жете алмаса, орынын екінші үміткерге беруі, әрі олардың мерзімі үш жылдан аспауын қарастыруымыз керек, міндетін айтарлықтай орындаған күнде де екі мерзімнен кейін орынын басқа адамға бергені дұрыс. Себебі, бәсекенің үздіксіз болғаны жақсы.

Біздің демократиялық құндылықтар жасау жолындағы республикамызда жасы қырықтан асқан, Қазақстанда тұрғанына 15 жыл болған, ақыл-есі бүтін кез-келген Қазақстан азаматының Республиканың президенттігінен үміткер бола алағанда, не себепті жай декандық пен кафедра меңгерушілікке ғылыми дәреженің болуын талап етіміз? Лидерліктің адам баласына туа біткен дара қасиеті екендігін ескеруде артық болмас. Біздің Елбасының аз уақыт ішінде елімізді жан-жақтылы әлемге әйгілеуін, ол кісінің табиғатынан берілген лидерлік қасиетінен бөліп қарастыру мүмкін емес деп ойлаймын.

3. Университет сапасының айқын бір көрсеткіші - студентерінің саны емес сапасы немесе адам капиталы.

Мемлекет үшін ЖОО санының көп болуы немесе университет үшін студенттерінің санының көп болуы басты құндылыққа жатпайды. Саннан гөрі сапаға көңіл бөлер кез келді. Университет материалдық игілікті назарға алып, базалық білімі төмен мектеп бітірушілерді қабылдап, диплом үлестіретін орынға айналмауы тиіс. Жастарымыздың барлығының жоғары білім алып шығуы да міндетті емес, керісінше заманның талабына жауап беретін кәсіптік-техникалық оқу орындарын дамытып, сол бағытқа да көптеп студент тарта білген жөн. Осыған орай, сыртай оқитын бөлімдерді барынша қысқарту керек, тіпті, мүлде жабу да тиіс шығар, себебі, олар кез-келген пәнді толыққанды, сапалы біліп шықпайды.

Ал мектеп оқытушыларының білімін жедтілдіру мақсатында университтерге келіп оқуына болады. Олардың жүгін жеңілдету үшін алыс қашықтықтан электронды оқытуды жалпыластырсақ тіпті жақсы болар еді.

Осы түйткілге қатысты Елбасы жолдауында: Әлемдегі дамыған елдерде бір млн. халыққа 1- 6 ЖОО тура келсе, бізде 16 млн. тұрғынға 149 ЖОО немесе әр млн. адамға 9 ЖОО тура келетінін ескертті. Осыны ескергенде ЖОО сұрыптау арқылы сапасын көтеру жөн болар.

Ал, мемлекет өзіне қажетті мамандықтарды жоспарлы түрде дайындап алуы керек. Мысалы, статистика арқылы қай салаға маман көп қажет болса, сол саланы оқытатын ЖОО мемлекеттік гарантты көп бөлу арқылы, тіпті, оқу қаржысын мүлде тегін ету арқылы кездескен қиындықты шешуге болады. Мысалы, Қытай елі педагогика саласында оқитындарды мүлде тегін оқитын етіп бекітті.

4. ЖОО орындарының оқытушыларына қабілетіне қарай еңбек, еңбегіне жарай жалақы төлеу ұстанымын жолға қою керек

Білім беру және ғылыми зерттеу еңбегі мен тәжірибесіне қарай оқытушыларды үш дәрежеге бөлуге болады. Олар я көшбасшы оқытушылар, тұрақты-штатты оқытушылар және мерзімді оқытушылар.

Көшбасшылар - ғылыми атағына сай, оқытумен де зерттеу-

мен де айналысатын университеттің бетке ұстар ғалым-ұзтаздары. Олардың сабақ жүктемелігі шамалы, ғылыми зерттеулері басым болып, әлемдік деңгейдегі журналдарда еңбегі жарияланып тұруы шарт, жалақысы облыс әкімдерінің жалақысымен шамалас болуы және солардың деңгейінде қоғамдық игіліктерге ие болуы керек…

Автор:
(жалғасы келесі санда) Сарқытқан Қастер, Доцент