Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жас сарбаздар атыс дайындығынан өтті


28 мая 2021, 04:44 | 1 125 просмотров



Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты Сарыөзек гарнизонының  әскери бөлімдеріне көктем айында әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар бөлімнің оқу-жаттығу полигонында алғаш рет АК-74 қаруынан оқ атты.    

Жас сарбаздардың атыс жаттығуын бастамас бұрын офицерлер мен сержанттар олармен атыс қаруынан атуға дайындалу және дұрыс көздеу,  атыс қаруының сипаттамасын, атыс ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы сабақтар өткізіп, нұсқамалар берді.

Сондай-ақ, атыс жаттығуы барысында жас сарбаздар АК-74 автоматынан бірінші атыс жаттығулары мен басқа да нормативтерді орындады.

-Мен бүгін алғаш рет атыс қаруынан атып көрдім. Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жаттығуды жақсы деген бағаға орындадым. Отанға қызмет ету және оны табандылықпен қорғау әр азаматтың міндеті деп білемін, - деді шабуылдау бригадасының жас сарбазы қатардағы жауынгер Нұрбол Алпамысов. 

Десанттық-шабуылдау бригадасының взвод сержанты Санжар Шариполлинов жас сарбаздар әскери бөлімдерде бір айлық курстық жиында әскери өмірге лайықты деңгейде бейімделу кезеңінен өткенін атап өтті. Саптық дайындықтың, жауынгерлік қарудан атыс дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техника мен қаруды қолдану тәсілдерін үйренді. Олар адамгершілік рухта тәрбиеленіп, Отанға адал қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

Сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдау рәсіміне дайындықтарын жалғастыратын болады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор