Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Десантшылар ант қабылдады


31 мая 2021, 05:57 | 1 051 просмотр



Талдықорғанда десантшы жас сарбаздар ант қабылдады. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың ата-аналары үшін де үлкен мереке.

Ант қабылдау адам өмірінде бір рет қана келетін сәт.
200-ден астам жаңа шақырылғандар Отан қорғаушылар атанды. Бір айдан аса үйден кеткенмен жас жауынгерлер әскери саптық жаттығуларын үйреніп үлгерген. Айта кетерлігі жауынгерлер ант қабылдамастан бұрын бір ай бойы жалпы әскери дайындықтан өтіп, сапта жүруге жаттықты, денелерін шынықтырып, қару-жарақты меңгерді.

Пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмады. Бірақ әскери бөлімде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Отан алдында адал болуға, елді қорғауға ант берген сарбаздарға Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Раджан Жанысов ақ жол тілеп, ел үшін қызмет ететіндеріне сенім білдірді.

- Қазақстан Республикасының жауынгері атануды Отан алдындағы борышым деп есептеймін. Замандастарыма, өскелең буынға осыны үлгі етер едім, - дейді қатардағы жауынгер Ерсұлтан Берікбай.

Алаңда «Салтанатты түрде ант етемін» деген жас сарбаздардың дауыстары естіліп жатты. Осы сәттен бастап нағыз әскери қызмет басталатынын жас сарбаздар ұғынды.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі